Бұқтырма – ШҚО аумағымен ағып өтетін өзен, Ертістің оңтүстік саласы. Бұл өзенде су қоймасы орналасқан, ол әлемдегі жасанды су қоймаларының ішіндегі ең ірілерінің бірі. Бұқтырма су қоймасы Ертіс өзенімен жүретін кемелерге ыңғайлы жол салады, сонымен қатар балық шаруашылын кең дамытқан. Екі бөліктен тұрады: Ертіс өзенінің бойы мен Зайсан көлі.
Бұқтырма су қоймасының жағасында Өскемен қаласынан 101 шақырымда Оңтүстік Алтай бауырында Жаңа Бұқтырма кенті орналасқан. Ол ШҚО-ның Зырян ауданына кіреді.
Бұқтырманың оңтүстік және солтүстік жағалаулары туристердің сүйікті орны, сондықтан демалыс аймағы болып табылады. Сол жағалауы енжар туризмге арналса, оң жағалауы белсенді демалыс үшін өте ыңғайлы.
Каспий теңізі негізінде Жер бетіндегі ең үлкен көл болып саналады. Айдыны-376 мың шаршы шақырым, мұхит деңгейінен - 27,9 м төмен орналасқан.
Қапшағай су қоймасының демалыс базаларына әр түрлі іс-шаралар, би кештері, спорттық жарыстар, түрлі акциялар өткізу кеңінен таралып келеді.
Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан.
Балқаш көлінің жағасында танымал туризм түрлері болып жағажай туризмі, спорттың су түрлері: желкенді қайық, байдаркамен және каноэмен есу, спорттық балық аулау табылады.
Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде-кем болар. Демалыс аймағында жүргізілген соңғы жөндеу жұмыстарынан кейін, Алакөлдің көркіне көрік қосылып, жыл сайын демалушылардың қатары көбеюде.