46.5342, 74.934
Балқаш көлі су жағасында демалатындар мен балықшылар және ескекті, желкенді қайықпен шұғылданатындар арасында өте танымал көл.
Балқаш көлі (балық – деген түркі сөзінен шыққан) Алматы облысындағы ең үлкен ағынсыз көл. Ұзындығы – 600 км, батыс бөлігіндегі ең енді тұсы – 70 км, шығыс бөлігі – 45 км, орташа тереңдігі – 5.6 м, ең терең тұсы – 26.5 м, жағалауының ұзындығы – 2300 км. 01.01.2000 жылғы белгі бойынша су айдынының көлемі 18.2 тыс. км2, суының көлемі – 94.7 км3. Су жинайтын алабының аумағы 413 тыс.км2, 85%-ы Қазақстан аумағында, 15%-ы Қытау аумағында. Сарыесік жарты аралындағы су асты рельефі мен көл қөл қазаншұқырының күрт тарылып, көлді батыс және шығыс бөлікке бөледі.
Батыс бөлігінің суы тұщы, минералдану деңгейі 1.06-дан 1.58 г/л дейін, шығыс бөлігінің суы ащы 3.6-дан 4.8 г/л-ге дейін жетеді. Қапшағай су қоймасы салынғаннан кейін батыс бөлігіндегі судың минералдануы 1.8-2.0 г/л-ге дейін, шығыснда – 5.4-7.8 г/л-ге дейін ұлғайғаны айқалады. Судың химиялық құрамы гидрокарбонатты-хлоридті-сульфатты және магний-натрийлі. Су құрамы, әсіресе көлдің шығыс бөлігінің емдік қасиеті бар.
Көл негізінен оңтүстік пен шығыстан құятын өзендер есебінен толығады. Оның ішінде ең ірі Іле өзені Батыс Балқашқа құйып, жалпы құйылған судың 80%-ына дейін жетеді. Қаратал, Лепсі өзендері Шығыс Балқашқа құяды. Жер асты суы аса көп рөл атқармайды.
Көл таяз болғандықтан тез жылиды. Жазды күні (шілдеде) су бетінің температурасы 27-28°С, ал ұсақ сулы жағалауларда 30°С-қа дейін жетеді. Қыркүйек айына қарай температура 17°С-қа дейін төмендейді. Қараша айында мұз қата бастайды да, ақпан айында қалыңдығы 60-70 см мұз қатады. Көктем шыққанда ғана, наурыз-сәуір айларында ериді. Негізгі демалыс орындары Балқаш көлінің оңтүстік жағасында, Лепсі стансасының төңірегінде.
Балқаш көлінің жағасында танымал туризм түрлері болып жағажай туризмі, спорттың су түрлері: желкенді қайық, байдаркамен және каноэмен есу, спорттық балық аулау табылады. Балқаш көлінің жағалауында жылына 4 мыңнан астам адам демалады. Демалушыларға жағдайды облыстың ірі өнеркәсіпорындары мен жеке меншік кәсіпкерлердің 9 демалыс зонасы жасайды.
Каспий теңізі негізінде Жер бетіндегі ең үлкен көл болып саналады. Айдыны-376 мың шаршы шақырым, мұхит деңгейінен - 27,9 м төмен орналасқан.
Қапшағай су қоймасының демалыс базаларына әр түрлі іс-шаралар, би кештері, спорттық жарыстар, түрлі акциялар өткізу кеңінен таралып келеді.
Бұқтырманың оңтүстік және солтүстік жағалаулары туристердің сүйікті орны, сондықтан демалыс аймағы болып табылады.
Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан.
Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде-кем болар. Демалыс аймағында жүргізілген соңғы жөндеу жұмыстарынан кейін, Алакөлдің көркіне көрік қосылып, жыл сайын демалушылардың қатары көбеюде.