Бурабай көлі жағажайлары
Жағажай демалыс
0 / 0 пікір
Ақмола облысы
Сипаттама

Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан.

Ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 км2.

Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Қотыркөл, Жөкей, т.б.) аласа жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім Жұмбақтас аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т.б.), сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Төңірегінде Бурабай шипажайы, «Оқжетпес» және «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған.

Бурабай көлінің айналасында курорт, демалыс орындары, шипажайлар, туристік базалар, мейрамханалар, дүкендер, дискотекалы пансиондар көп-ақ. Емдік балшығы, минералды су қайнарлары да бар.

Басқа ем-домдарын былай қойғанда, бұл жердің дала шөптері мен қылқан жапырақты орман жұпарымен суарылған саф ауасы мен бұрқыраған қымызының өзі – адамға мың да бір шипа. Мұнда асқазан-ішек, тыныс алу органдарының, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен аяқ-қол ауруларын емдейді.

Жаз бойы күн нұрын төгіп тұратын климаты да жайлы. Шілде айындағы орташа температура – 25 градустан жоғарыламайды. Яғни, мұнда ешқашан қатты қапырық болмайды. Соған қарамастан, көл суы жылы болады, маусым айында-ақ суға емін-еркін түсе беруге мүмкіндік бар. Қайықпен, катамаранмен серуендеуге барлық жағдай жасалған. Бурабайдың шығыс жағалауы – құмды жағажай, шомылу мен күнге қыздырынып, демалуға өте қолайлы.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Жағажай демалыс

Каспий теңізі негізінде Жер бетіндегі ең үлкен көл болып саналады. Айдыны-376 мың шаршы шақырым, мұхит деңгейінен - 27,9 м төмен орналасқан.

0 / 2 отзыва
Жағажай демалыс

Қапшағай су қоймасының демалыс базаларына әр түрлі іс-шаралар, би кештері, спорттық жарыстар, түрлі акциялар өткізу кеңінен таралып келеді.

0 / 0 пікір
Жағажай демалыс

Бұқтырманың оңтүстік және солтүстік жағалаулары туристердің сүйікті орны, сондықтан демалыс аймағы болып табылады.

5 / 1 отзыв
Жағажай демалыс

Балқаш көлінің жағасында танымал туризм түрлері болып жағажай туризмі, спорттың су түрлері: желкенді қайық, байдаркамен және каноэмен есу, спорттық балық аулау табылады.

0 / 1 отзыв
Жағажай демалыс

Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде-кем болар. Демалыс аймағында жүргізілген соңғы жөндеу жұмыстарынан кейін, Алакөлдің көркіне көрік қосылып, жыл сайын демалушылардың қатары көбеюде.