Ағыбай батыр кесенесі - ХІХ ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Кесене ХІХ ғасырдың 80-жылдарында Бетпақдаланың солтүстік-шығысындағы Тайатқан-Шұнақ тауының маңайында, Босаға өзенінің аңғарында тұрғызылған.
Төлегетай-Қылышты ата кешені (ХІ-ХІІ ғғ.) Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы орталығынан 30 шақырымдай қашықтықта орналасқан.
Домалақ ана кесенесі - сәулетті ескерткіш. Қаратаудың күнегей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан.
Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.
Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат.
Қараман ата жер асты мешіті – діни ескілікті сәулет өнері ескерткіші.
Масат Ата жер асты мешіті – діни сәулет өнері ескерткіші. Зерттеулер нәтижесінде Маңғыстау ауданы Үштаған ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан.
Батыс Қазақстан өңірінде «Дәдем ата» деген атпен де әйгілі Жұмағазы хазірет Тәңкеұлы ХІХ ғасырда өмір сүрген дін ғұламасы. Ел аузында сақталған аңызға қарағанда ол Түркістан шаһарында білім алып, Қожа Ахмет Ясауи дүрбесінде имамдық қызмет атқарған.