Қапшағай – су электр станциясын салғаннан кейін пайда болған бөген. Су қоймасының территориясы Алматы облысына қарасты Қапшағай қаласының және Талғар ауданының жерін қамтиды. Бөгенге су толтыру 1970 жылдары басталды. Бұл бастамаға қазақтың қоғам және мемлекет қайраткері – Дінмұхамед Қонаевтың тікелей қатысы бар.
Қапшағайды салдыру арқылы көптеген проблемалар шешілді. Мысалы, Алматының ауа айналысы түзелді. Қапшағай ГЭС-і арқылы Алматы мен Талдықорған қалалары, оның төңірегіндегі аймақтар түгелімен электр қуатымен қамтылды. Шеңгелді алқабы және басқа да көптеген егістік жерлер бөген суының арқасында жанданды. Қапшағай қаласының салынуы арқылы өндіріс кәсіпорындары көбейіп, бірнеше жүздеген адамға тұрақты жұмыс орны ашылды. Атқарылған орасан зор еңбектің қызығын қазір көпшілік көріп отыр: әр жаз сайын көлдің жағасы алыс-жақыннан келген демалушыларға толады.
Қапшағай су қоймасы – Іле өзенінің орта ағысында орналасқан жасанды су қоймасы. Көлдің ұзындығы 100 км, ені 25 км. Суының орташа тереңдігі 15 метр, ең терең жері 46 метр. Табиғи-климаттық жағдайларына байланысты, бұл жер Алматы қаласы және облысының тұрғындары үшін жағажай демалысына таптырмайтын орын болды. Жазда бұл жердің ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді. Қапшағайда туристер ең жиі баратын жер – 1994 жылы арнайы итальяндық жоба бойынша салынған қалалық аквапарк. Бұл кешенде балаларға, сондай-ақ ересектерге де арналған арнайы су аттракциондары бар.
Жасанды су қоймасының жағалауында жоғары санаттағы қонақүйлер, пансионаттар, ұлттық нақыштағы демалыс базалары орналасқан. Жағалау құмы емдік қасиетке ие.
Қапшағай су қоймасының демалыс базаларына әр түрлі іс-шаралар, би кештері, спорттық жарыстар, түрлі акциялар өткізу кеңінен таралып келеді.
Жыл сайын Қапшағай төңірегіндегі қызмет көрсету саласы да кеңею үстінде. Бұл жерде мотоцикл, квадроцикл, су мотоциклы секілді экстремалды спорт түрлерімен айналысатындар үшін де, қайықпен суда серуендеуді ұнататындар үшін мүмкіндік қарастырылған.
Бұған қоса тарихи орындар да Қапшағайдан алыс емес. Іле өзенінің оң жақ жағалауында, Қапшағайдан бес шақырымдай жерде жартастарға салынған 2 мың жылдық тарихы бар суреттер мен таңбалар бар. Сондай-ақ, әйгілі «Көшпенділер» фильмінің декорациясы үшін тұрғызылған «Түркістан» кешені де осы маңайда.
Алматының серік қалаларын салуға арналған G4 жобасын іске асыру мақсатында, су қоймасының солтүстік жағалауына «Жаңа Іле» деген қаланың құрылысы басталды. Бұл келешекте ірі туристік және ойын-сауық орталығына айналмақ.
Каспий теңізі негізінде Жер бетіндегі ең үлкен көл болып саналады. Айдыны-376 мың шаршы шақырым, мұхит деңгейінен - 27,9 м төмен орналасқан.
Бұқтырманың оңтүстік және солтүстік жағалаулары туристердің сүйікті орны, сондықтан демалыс аймағы болып табылады.
Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан.
Балқаш көлінің жағасында танымал туризм түрлері болып жағажай туризмі, спорттың су түрлері: желкенді қайық, байдаркамен және каноэмен есу, спорттық балық аулау табылады.
Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде-кем болар. Демалыс аймағында жүргізілген соңғы жөндеу жұмыстарынан кейін, Алакөлдің көркіне көрік қосылып, жыл сайын демалушылардың қатары көбеюде.