Ақтау қаласы жағажайлары
Жағажай демалыс
0 / 0 пікір
Маңғыстау облысы
Сипаттама

Каспий теңізі негізінде Жер бетіндегі ең үлкен көл болып саналады. Айдыны-376 мың шаршы шақырым, мұхит деңгейінен - 27,9 м төмен орналасқан.

Теңіз суының тұздылығы – 12,6-13,2 %. Орташа ені 400 шақырымдық, солтүстіктен оңтүстікке 1200 шақырымға созыла отырып, ол бес тәуелсіз мемлекеттің жағалауын жуып өтеді және өзара екі ірі құрлық – Еуропа мен Азияны байланыстырады. Каспийдің жағалау сызығының ұзындығы 7 мың шақырым, жалпы ауданы шамамен 400 мың шаршы шақырымды құрайды, ол Балтық, Адриат, Ақ теңіздер сияқты Дүниежүзілік мұхиттың бірнеше теңіздерінің аумағынан біршама асып түседі. Каспий теңізі өзінің ұзақ тарихында қазіргі пішініне келгенге дейін өзінің кескіні мен көлемін бірнеше рет өзгерткен. Ұзақ уақыт бойы Жерорта, Қара, Азов және Каспий теңіздері Дүниежүзілік мұхтипен бірігіп бір ғана орасан үлкен теңіз бассейнін құрап жатқан.

Каспий теңізінің әр кезеңдерде қырыққа жуық атауы болған. Оны көбінесе оның жағалауында өмір сүрген халықтардың этникалық атаулары бойынша (қазіргі атауы бір кездері оның батыс жағалауын мекендеген каспий тайпаларының атымен байланысты қойылған), немесе оның жағалауындағы қалалар, облыстар немесе елдердің атауларымен байланысты қойылған. Мысалы, ірі порттың аты бойынша –Баку, Гиркания жағалау елі бойынша – Гиркан, Абескун жағалау өлкесі бойынша –Абескун, солтүстік-батысты мекендеген хазарларға байланысты –Хазар теңізі деп аталған. Орыстар Каспийді Волганың сағасын мекендеген халықтың атымен Хвалын деп атаған. Ирандықтар, өз кезегінде, ежелгі иран халықтары мекендеген жағалаудағы тарихи облыстарының немесе теңіздің географиялық орналасуына байланысты Дарья-е Казар (Хазар теңізі), Дарья-е Мазандаран (Мазандаран теңізі) немесе Дарья-е Комаль (Солтүстік теңіз) деп атаған.

Каспий теңізінің қазіргі өсімдіктер дүниесі қарапайым кіші организмдерден бастап қалыптасқан өсімдіктерге дейінгі саны 728 түрге жетеді. Онда өмір сүретін теңіз флорасы бірнеше қайтара тұздану мен тұщыланудың әсерімен түбегейлі өзгерістерге ұшырады, соның нәтижесінде тұщы суда өмір сүретін түрлері көбейді және теңіз флорасы барынша азайып кетті. Волга-Дон каналы ашылған соң мұнда Азов және Қара теңіздерді мекендейтін балдарлардың басқа түрлері пайда болды. Каспий теңізін жануарлардың 1809 түрлері мекендейді. Каспий теңізінің табиғаты ежелгі заманнан бері көптеген ғалымдар, саяхатшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің назарын аударған. Осы айдынның табиғи ресурстарын игерудің каспий маңы елдері мен қоршап жатқан елдердің халық шаруашылығында маңызды экономикалық мәні бар.

Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар құяды. Олардың теңізге қүятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзенінің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ. Теңізге құятын өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалық та көп кездеседі. Итбалық теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80%-ынан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Мұнда балықтың 55 түрі кездеседі. Бағалы балық — қортпа (белуга) үзындығы 6-7 м-ге, ал салмағы 1800 кг-ға дейін жетелі, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындығы 2,3 м, салмағы 100 кг-ға дейін барады. Шоқырдың (севрюга) үзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг-ға дейін жетелі. Каспийде олардан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ, т.б. ау даналы.

Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың 260 түрін кездестіруге болады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн құс қонақтайды. Кей жылдары суда жүзетін 3 млн-дай құс қыстап шығады.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 2 отзыва
Жағажай демалыс

Қапшағай су қоймасының демалыс базаларына әр түрлі іс-шаралар, би кештері, спорттық жарыстар, түрлі акциялар өткізу кеңінен таралып келеді.

0 / 0 пікір
Жағажай демалыс

Бұқтырманың оңтүстік және солтүстік жағалаулары туристердің сүйікті орны, сондықтан демалыс аймағы болып табылады.

0 / 0 пікір
Жағажай демалыс

Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан.

5 / 1 отзыв
Жағажай демалыс

Балқаш көлінің жағасында танымал туризм түрлері болып жағажай туризмі, спорттың су түрлері: желкенді қайық, байдаркамен және каноэмен есу, спорттық балық аулау табылады.

0 / 1 отзыв
Жағажай демалыс

Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде-кем болар. Демалыс аймағында жүргізілген соңғы жөндеу жұмыстарынан кейін, Алакөлдің көркіне көрік қосылып, жыл сайын демалушылардың қатары көбеюде.