«Бурабай» курорты
Курорттар
5 / 1 отзыв
Ақмола облысы,
53.0813, 70.3551
Сипаттама

«Бурабай» – Ақмола облысының Щучье ауданындағы қымызбен емдейтін республикалық маңызы бар курорт.

Щучинск қаласынан 20 км жерде, Бурабай көлінің жағасында орналасқан. Көкше тауы (абсолюттік биіктігі 947 м) солтүстіктен соғатын өкпек желге тосқауыл болады, оның баурайында қарағайлы, қайың аралас ормандар өскен.

Ауаның орташа температурасы: қаңтарда –16ӘС, шілдеде 19ӘС; жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-дей. Бурабайда қымызбен емдейтін тұңғыш емхана 1910 ж. ашылған. Курорт 1920 жылдан жұмыс істей бастады. Қарағайлы орман ішінде екі санаторий (екеуі де «Бурабай» деп аталады) орналасқан: біреуінде ересек адамдар, екіншісінде балалар емделеді. Екеуі де жыл бойы жұмыс істейді.

«Бурабайдағы» негізгі ем – қымыз, сондай-ақ климаттық факторлар (қарағайлы орман, шипалы таза ауа, сұлу табиғат) кеңінен пайдаланылады, физиотерапия тәсілдері, Балпашсордың тұзды балшығы, Майбалық көлінен тасылатын хлорлы-натрийлі-магнийлі минералдық су, т.б. қолданылады.

Пікірлер
5 / 1 отзыв
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Курорттар

Алакөл көлі Қазақстандағы ішкі су қоймаларының ішінде көлемі жағынан екінші орын алатын әрі республикамыздағы тұйықталған (ағып шықпайтын) көлдердің ішіндегі жалғыз терең сулы ғажайып көл.

0 / 0 пікір
Курорттар

На территории Казахстана расположены природные источники минеральных вод и лечебных грязей, что служит основной причиной развития лечебного туризма на территории Казахстана.

0 / 0 пікір
Курорттар

Куррортық қалашықта 22 санаторий бар.

0 / 0 пікір
Курорттар

Баянауыл – еліміздің әдемі жерлерінің бірі. Таза ауасы, жасыл ормандары және мөлдір суы ешқайсыңызды бейжай қалдырмайды.

0 / 0 пікір
Курорттар

"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан.

5 / 1 отзыв
Курорттар

Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені.