Медеу спорт кешені
Курорттар
5 / 1 отзыв
Алматы облысы,
43.2428, 76.9548
Сипаттама

Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.

Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С. Қайнарбаевқа инженер С.Б. Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі — хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және баспасөз орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3 — 4 см, қыста 10 — 15 см-ге дейін жетеді. Медеу Спорт Кешені құрамына Медеу қонақ үйі кіреді. Медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамдарды қабылдай алады. Сенбі, жексенбі күндері — Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әр түрлі халықар. жарыстар өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.

Медеу - Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасында жататын мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сиғызады.

Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы - 1988 жылындағы Халықаралық Еркектер Конькимен Тез Жүгіру чемпионаты болған.

 

Медеудің жұмыс істеу тәртібі

Биік таудағы «Медеу» кешені қала тұрғындары мен қонақтарын қазан айынан бастап мамыр айы аяқталғанға дейін күнделікті сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін, сондай-ақ 18:00-ден 23:00-ге дейін қабылдайды. 16:00-ден 18:00 — техникалық үзіліс.

«Медеу» мұз айдынында екі сағат сырғанау – 1800 теңге, ал ересектерге бір жұп коньки – 1000тг, балалар конькиінің бір жұбы (12 жасқа дейінгі) – 500тг тұрады.

Пікірлер
5 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
5 / 1 отзыв
Курорттар

«Бурабай» – Ақмола облысының Щучье ауданындағы қымызбен емдейтін республикалық маңызы бар курорт.

0 / 0 пікір
Курорттар

Алакөл көлі Қазақстандағы ішкі су қоймаларының ішінде көлемі жағынан екінші орын алатын әрі республикамыздағы тұйықталған (ағып шықпайтын) көлдердің ішіндегі жалғыз терең сулы ғажайып көл.

0 / 0 пікір
Курорттар

На территории Казахстана расположены природные источники минеральных вод и лечебных грязей, что служит основной причиной развития лечебного туризма на территории Казахстана.

0 / 0 пікір
Курорттар

Куррортық қалашықта 22 санаторий бар.

0 / 0 пікір
Курорттар

Баянауыл – еліміздің әдемі жерлерінің бірі. Таза ауасы, жасыл ормандары және мөлдір суы ешқайсыңызды бейжай қалдырмайды.

0 / 0 пікір
Курорттар

"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан.