"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты
Курорттар
0 / 0 пікір
Алматы облысы,
43.2428, 76.9548
Сипаттама

"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Таудың кереметтей көрінісі, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндердің көп болуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы, осында туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларын еріксіз өзіне тартады.

Шымбұлақты желтоқсаннан сәуір мезгіліне дейін қар басып жатады. Мұнда келіп, шаңғыға алғаш рет тұрғандар да өзін өте ширақ сезінеді. Тау шаңғы спортын сүйетіндерді кез келген қажеттегі және шеберлік деңгейдегі тау баурайлары мен шаңғы трассалары, шапшаңдықпен түсетін және слалом –алыптар трассалары, ыңғайлы көтергіштер, тау шаңғы мектебі қуанта алады.  

Курортқа балаларын алып келетін туристерге ыңғайлы болу үшін, «бэби-лифт» - көтергіші бар балалар алаңы құрылған. Курортта қонақ-үй, мейрамхана, боулинг және сауна моншасы бар.

Шымбұлақты еш жерде қайталанбайтын атмосфера, ерекше рухани күш жайлаған. Мұнда демалыстың басқа түрлерінен гөрі, айдындай тайғанақ мұз жолдарын қалайтын, шаңғышылар; шеберлітерімен деміңді ішінен алып таң қалдыратын, экстремальды секіретін және қилы бұрылыстар жасап түстін, батыл сноубордшылар келеді.

Шуақты күндері Шымбұлаққа мыңдаған демалушылар ағылып келіп жатады. Отырғышы бар көтермелермен Талғар асуына (теңіз деңгейінен 3163 м биіктіктегі) шығуға болады. Бұл кәсіби  шаңғышылардың ұнататын жері, өйткені мұнда асудан түсетін жер өте тік. Талғар асуынан альпинистер шыңдарды бағындырады. Ал әрі қарай одан биік – тек жұлдыздар.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
5 / 1 отзыв
Курорттар

«Бурабай» – Ақмола облысының Щучье ауданындағы қымызбен емдейтін республикалық маңызы бар курорт.

0 / 0 пікір
Курорттар

Алакөл көлі Қазақстандағы ішкі су қоймаларының ішінде көлемі жағынан екінші орын алатын әрі республикамыздағы тұйықталған (ағып шықпайтын) көлдердің ішіндегі жалғыз терең сулы ғажайып көл.

0 / 0 пікір
Курорттар

На территории Казахстана расположены природные источники минеральных вод и лечебных грязей, что служит основной причиной развития лечебного туризма на территории Казахстана.

0 / 0 пікір
Курорттар

Куррортық қалашықта 22 санаторий бар.

0 / 0 пікір
Курорттар

Баянауыл – еліміздің әдемі жерлерінің бірі. Таза ауасы, жасыл ормандары және мөлдір суы ешқайсыңызды бейжай қалдырмайды.

5 / 1 отзыв
Курорттар

Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені.