Алакөл көлі
Курорттар
0 / 0 пікір
Алматы облысы,
46.0743, 81.819
Сипаттама

Алакөл көлі Қазақстандағы ішкі су қоймаларының ішінде көлемі жағынан екінші орын алатын әрі  республикамыздағы тұйықталған (ағып шықпайтын) көлдердің ішіндегі жалғыз терең сулы ғажайып көл.

Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының шегінде орналасқан Алакөл солтүстік шығысында Балқаш-Алакөл  ойпатындағы Жетісу (Жоңғар) Алатауының  шығыс жоталары мен   Тарбағатайдың күнгей  жоталарының арасында жатыр.  Ол жартылай шөлейт аймақта, теңіз деңгейінен  347 метр биіктікте орналасқан, аумағы 2700 шаршы метрді қамтиды. Тереңдігі 50 метрге дейін жетеді, ұзындығы 102 км, ені 54 км шамасында. Оған 15-тен аса салалар келіп құяды. Су бетінің ең үлкен температурасы 24 градусқа жетеді.

Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөл және басқа да біршама  кіші  көлдермен бірігіп, Алакөл көлінің  жүйесін құрайды. Көлдің аумағы  (аралдармен қосқанда) 2696 шаршы км, судың көлемі  58,56 куб. км,  ұзындығы 104 км, ені 52 км, орташа тереңдігі 22 м, неғұрлым терең тұстары 54 м, жағалау жиегінің ұзындығы 348 км. Жағалауларды жартыаралдар, мүйістер, шығанақтар мен айлақтар  қатты тілімдеген. Үлкен және кіші Балғын шығанағы  едәуір тереңірек болғандықтан кемежай-баспана ретінде пайдаланылады. Алакөлдің орталық тұсында Үлкен, Кішкене, Аралтөбе т.б. аралдары бар. Жағалаудың климаты өте  құбылмалы. Көл бетінде ұдайы желді болып тұрады. Көлдің солтүстік бетіндегі желдің ең жоғарғы жылдамдығы 40-50 м/сек, оңтүстік-шығыс пен орталық бөлігінде  50-60 м/сек. Әсіресе күз-қыс  маусымында толқындардың биіктігі 2-2,5 метрге жетеді. Мамыр айының соңына қарай судың темперетурасы  +7... + 15 С шамасында болады. Жазда судың бетінің ең үлкен темпереатурасы 26 С-ты  көрсетеді, солтүстік аймағындағы таяз сулы жағалау тұстарында 30 С-ты көрсетеді. 20 м тереңдікте судың температурасы  18 С-тан аспайды.

ХII-ХIХ ғасырларда көл Түрге-Нор (монғолдың көпір-көл), Алақтагөл, Алатеңіз, Алақта болып бірнеше атауға ие болған. Көлдің атауы Ала+көл – «Ұлы көл» деген көне түркі  сөзі мен монғол сөзінің бірігуінен алынған деген пікір бар. Қазақшадан аударғанда «Ала көл» деген мағынаны білдіреді. Судың түсі расында да  түрлі-түспен құбылып жатады: бірде таңғы түнық ауада  көгілдір болса, күн ұясына батар мезгілде көкшіл тартады. Кешкі  қызарып батқан күннің сұлу шапағы,  күні бойғы жарқыраған күн және  судың шипалы қасиеті мұнда келуші туристерді  жылдан-жылға  көптеп тартып отыр.

Алакөлдің суы теңіздікіндей тұзды. Құрамы жағынан натрий хлоридті және натрий хлоридті-сулдьфатты суды Қара теңіздің суымен салыстыруға болады. Акватория бойынша судың минералдануы 1,2 ден 11,6 г/л ға дейін тербеледі. Алакөл ойпаты ылғал жеткіліксіз аймаққа жатады және тамаша климактологиялық курорт. Алакөлдегі шомылу маусымы  маусымның ортасында ашылады. Ғажайып жағалау –  шипалы қара  малта тастар. Көлдің түбі малта тасты (галечниковый) жағалаудың кейбір тұстары  (илистый), жағалауды күн қызуынан жылу алған  майда қиыршық тастар жапқан. Қасиетті суынан басқа мұнда күкіртсутекті балшық және  даланың минералды тұздармен қаныққан таза, құрғақ  ауасы бар.

Курорттар мен шипажайлардың жоқтығына қарамастан, осы бүкіл табиғи факторлардың әртүрлілігі демалуға қолайлы жағдай туғызады және тері ауруларын, тыныс алу органдарының,  сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары.

Көлдің орталық бөлігінде үш аралдан тұратын архипелаг бар, онда 1998 жылы Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы құрылды.  Алакөл Орталық Азиядан  Индия мен  Африкада қыстап қалуға ұшатын құстарды тоғыстыратын аса маңызды  жол торабы болып саналады. Осында  жүздеген мың құстар пана тауып демалады, олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген. Олардың ішінде қызғылт және бұйра бірқазан, сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, (орлан-белохвост), ақбас тырна, дуадақ, реликтілік шағала, қоқиқаз т.б бар.

Алакөл балыққа бай: ақ алабұға, осман, (однацветный губач), көлдің және өзеннің көкбасы, сазан, көксерке, мөңке балық.

Көл жағалауындағы   бірнеше үйлерде демалысты жайлы  ұйымдастыру жағдайлары жасалған.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
5 / 1 отзыв
Курорттар

«Бурабай» – Ақмола облысының Щучье ауданындағы қымызбен емдейтін республикалық маңызы бар курорт.

0 / 0 пікір
Курорттар

На территории Казахстана расположены природные источники минеральных вод и лечебных грязей, что служит основной причиной развития лечебного туризма на территории Казахстана.

0 / 0 пікір
Курорттар

Куррортық қалашықта 22 санаторий бар.

0 / 0 пікір
Курорттар

Баянауыл – еліміздің әдемі жерлерінің бірі. Таза ауасы, жасыл ормандары және мөлдір суы ешқайсыңызды бейжай қалдырмайды.

0 / 0 пікір
Курорттар

"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан.

5 / 1 отзыв
Курорттар

Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені.