
52.2881, 77.0602
Павлодар облысы — 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.
Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.
Географиялық жайлау
Облыс Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан. Павлодар облысы аумағының көп бөлігі Ертіс өзенінің орта ағысындағы Батыссібір жазығының оңтүстік шегінде орын алған, қазіргі кезде 127,5 мың ш.км. аймақты алып отыр. Солтүстігінде облыс Ресей Федерациясымен (Омбы облысы), оңтүстігінде – Қарағанды облысымен, шығысында – Шығыс-Қазақстан облысымен, батысында – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі.
Климаты
Павлодар облысының климаты тым континенттік және құрғақ. Қыста ашық және аязды ауа райын түзейтін Сібір антициклоны әсер етсе, жазда құрғақ және ыстық ауа, қуаншылық пен қарадауыл әкелетін Тұран ауа массасының әсері күшті. Қаңтар айының орташа температурасы 17 – 19,4ӘC, кей жылдары ол 48 °C-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 19 °C-тан 22,2 °C-қа дейін жоғарылайды, кей күндері 41 °C-қа дейін барады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшесі солтүстіктен оңтүстікке қарай 292 мм-ден 194 мм-ге дейін кемиді. Баянаула тауларында 340 мм. Жылдың суық мезгілінде жел көбінесе оңтүстік-батыс бағытта, жылы мезгілде солтүстік-батыс бағытта соғады. Олардың орташа жылдамдығы 4,0 – 4,5 м/с. Көктем мен күзде жылдамд. 15 м/с-қа дейін баратын қатты дауылды желдер де соғып тұрады. Павлодар облысында көктем қысқа, жаз айлары ыстық, құрғақ және желді келеді. Күзі қысқа, салқын және жаңбырлы. Алғашқы үсік тамыз айының соңғы онкүндігінде болады. Қыркүйектің соңғы онкүндігі мен қазанның басында алғашқы қар түседі.
Жер бедері және гидрологиясы
Павлодар облысының жер бедері екі бөлікке бөлінеді. Солтүстігінінің негізгі бөлігін Батыс Сібір ойпатының жалғасы – Ертіс жазығы, оңтүстік-шығыс бөлігін Cарыарқаның солтүстік-шығыс сілемі, солтүстік-шығысын Құлынды даласы алып жатыр. Жер беті мұнда теңіз деңгейінен 120 – 150 м биіктікте, Ертіс аңғарында 100 – 110 м шамасында. Сарыарқа бөлігі көбінесе ұсақ төбелермен алмасып отыратын жазықтардан тұрады. Мұнда Баянаула (1026 м), Қызылтау (облыстың ең биік жері – Әулие тауы, 1055 м), Желтау (959 м) және Семізбұлақ таулары орналасқан.
Ертіс өзені облыс жерін шығыстан солтүстік-батысқа қарай ұзына бойы қиып өтеді. Өзеннің облыс бөлігіндегі ұзындығы 420 км және оған бір де бір сала қосылмайды. Оң жағалауы биік жарқабақты, сол жағалауы жайпақ. Қараша айының орта кезінде өзен суы қатып, наурыз айында мұздың қалыңдығы 115 см-ге дейін жетеді. Облыс жеріндегі ұзындығы 147 км болатын Ертіс – Қарағанды каналы Екібастұз қ. мен Ақсу кентін сумен қамтамасыз етеді. Облыстың батыс жағымен кішігірім Өлеңті және Шідерті өзендері ағып өтеді. Облыста көлдер көп (1210 көл). тауларында көлдер тектоникалық ойыстарда (Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл), Ертіс бойындағы көлдер жайылмадағы қазаншұңқырлар мен ескі арналарда, ал жазықта әр түрлі көлемді қазаншұңқырларда орналасқан.
Ірі көлдері: Сілетітеңіз (ауданы 965 км²), Жалаулы (398 км²), Қызылқақ (180 км²), Үлкен Әжболат (110 км²), Маралды (80 км²). Тұщы көлдер көбінесе Ертіс жағасы мен облыстың солтүстік бөлігінде тараған. Одан оңтістікке қарай тұзды көлдер саны арта береді. Жер асты суларының құрамы әр түрлі. Сарыарқа жағындағы тау жарықшақтарында жер асты сулары жер бетіне әр түрлі бұлақтар арқылы шығады. Жалпы, облыс аумағында тәулігіне 3816,5 мың м3 болатын пайдалануға жарайтын жер асты суының 11 кен орны барланған. Қазіргі кезде тәулігіне 118,5 мың м3 су беретін 6 су көзі пайдаланылады. Жер асты суының негізгі горизонты Ертіс артезиан алабында орналасқан. Мұнда судың минералдығы 4,4 – 5,5 г/дм3. Құрамы бромды, йод-бромды келген. Олардың жалпы минералдығы 8,0 г/дм3.3
Флора және жануарлар дүниесі
Павлодар облысының жері түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақ белдемінде орналасқан. Ертістің шығыс жағының жер қыртысы негізінен құм, құмдауыт және саздақ топырақтан, ал сол жағалық аңғары плейстоцен кезеңінің сортаңданған бозғылт топырағы мен ауыр саздақ топырақтан түзілген. Сарыарқа шоқыларында көбінесе тастақты-қиыршықтасты қоңыр топырақ, ал шоқыаралық жазықтарда сортаң, саздақ топырақтар дамыған. Облыстың өсімдік жамылғысы қызғылт қоңыр топырақ белдеміне тән селеулі-бетегелі астық тұқымдас өсімдіктерден тұрады. Облыстың қиыр солтүстігін қайың мен теректен тұратын ормандар алып жатыр. Олар 44,0 мың га жерді қамтиды. Оңтүстікке қарай даланың сұр, қызғылт қоңыр топырағында бетегелі-жусанды дала қалыптасқан. Оңтүстік-шығысындағы құмды өңірде қарағай ормандары, Ертіс өзенінің жайылмасында шалғындар мен тоғайлар тараған.
Облыстың кең даласында қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, аламан тышқаны, т.б. мекендейді. Бесқарағай мен Баянаула қарағайлы ормандарында тиіндер жиі кездеседі. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, құндыз сияқты жануарлар тараған. Оңтүстік-шығысындағы қарағай ормандарында еуропалық құндыз, Ертістің жағалаулық ормандары мен қайың шоқтарында елік, Баянаула тауларында арқар кездеседі. Облыста ақ және сары шымшық, бозторғай, жыртқыш құстардан дала бүркіті, кезқұйрық, күйкентай, қырғи, жапалақ, қарағайлы орманда құр, шіл, саңырау құр, тоқылдақ мекендейді. Жазда өзендер мен көлдерден аққу, қаз, үйрек, қасқалдақ, шағала, көл жағаларында қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, т.б. құстарды кездестіруге болады. Ертіс өзенінде ақбалық, бекіре, нәлім, шортан, алабұға, шабақ көптеп кездеседі.
Экология
Негізгі өндіріс саласы кен өндірісі, мұнайды қайта өндеу, химиялық өндіріс, қара және түсті металлургия, энергетика болғандықтан, Павлодар облысының жоғары техногенді ластануға шалдығу қаупі зор. Ластанудың басты көзі жоғары козолды Екібастұз көмірін тұқанды агрегаттар оттығында жағу технологиясын пайдаланатын жылу электр станциялары болып табылады. Шығарылып тасталынатын негізгі масса Екібастұз (46 %), Ақсу (26,5 %) және Павлодар (25,5 %) қалаларында орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындарына тиесілі, облыстың қалған аудандарына шығарылып тасталынатын өнімнің 2%-на жуығы тиесілі.
Туризм
Қазіргі кезде Павлодар облысында туристтік қызметті ісе асыруға рұқсат қағазы бар 72 туристтік ұйым тіркелген және қызмет етеді. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи бағында тұрғын орнын, қайық, катамаран, экскурсияға арналған автобус, жазғы кезеңге айналған мәдениет шараларын ұсынумен 35 демалыс үйі бар, оның ішінде 28 – Жасыбай көлінде, 5 – Сабындыкөл көлінде, 2 – Торыайғырда және 2 балалар лагері тіркелген. Қазіргі таңда ұлттық бақ аумағында 37 археологиялық ескерткіш, табиғат ескерткіштері мен көрсету орындары бар. Туризмді дамыту мақсатында бақ аумағында 208,5 км ұзындықтағы және 1 ботаникалық орман жолымен 11 туристтік бағыттар әзірленіп, бекітіліген. Облыс өз емдік орындарымен де бай. Павлодар қ. Солүстік-шығысында емдік-сауықтыру орны – «Мойылды» санаторийі орналасқан. Мойылды өзені мен оның сазының емдік қасиеттері туралы Ертіс өңірінің халқы бұрыннан білген. Павлодар облысының шығыс жағында Ертісің оң жағалауында ««Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» ММ бар. Шекарасының ұзындығы 556 км. «Ертіс орманы» МОТР екі филиалдан тұрады – Шалдай (ауданы 143247 га, орталығы Шарбақты ауданының Шалдай ауылы), Бесқарағай (ауданы134714 га, орталығы Лебяжі ауданының Шақа ауылы) және 16 орман шаруашылығы. Аумақ «ерекше бағалы орман массивтері» сақтаудың бір санатымен ұсынылған. Шығыс-қазақстан және жартылай Павлодар облысы - Қазақстан бойынша мұз кезеңінен бері сақталынған жолақты қарағай ормандары бар жалғыз облыстар болып табылады. Ертіс өзенінің оң жағасында Республикалық маңызды «Қаздар ұшуы» атты табиғи Палеонтологиялық ескерткіш бар. Осыдан 7-10 млн жыл бұрын өмір сүрген неогендік қазба жануарлардың – гиппарионның, көріктің, мүйізтұмсықтың, азу тісті жолбарыстардың және т.б. көмінділері 6-8 м тереңдікте жатыр. Гиппариондық фаунаның көмінділері Еуразия бойынша ірі болып табылады. Болашақта ескерткіш орнында палеонтологиялық бақ пен қазба павильонды құру жоспарланған. Палеонтологиялық бақ пен қазба павильонын құру ғылым үшін қажет бірегей ескерткішті сақтап қалуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның өзге аймақтары мен шетел туристтерін тартуға, сол арқылы аймақтың туристтік және экономикалық жағдайын көтеруге мүмкіндік береді.
Мәдениет және өнер
Павлодар өңірі құнды мәдени әлеуетке ие, жүздеген кітапханалары, екі кәсіпқой театры, түрлі бағыттағы ондаған мұражайлары, көптеген тарихи және архитекторлық ескерткіштері бар өңір болып табылады.
Көрікті орындар
Павлодар облысы назар аударарлық орындарға толы. Павлодарлықтар өз халқының тарихы мен мәдениетінің ескерткіштерін ерекше құрметтейді. Олардың көбі Қазақстандағы ең ірі өзен Ертіс жағалауындағы облыс орталығы Павлодар қаласында орналасқан. Қаланың кең көшелері, көлеңкелі саябақтары мен аллеялары, гүлбақшалары мен фонтандары көз тартарлық әдемі. Қала өз тазалығымен, жайлылығымен ерекшеленеді. Аумақтың назар аударарлық орындарына табиғи, тарихи, архитектуралық және діни құрылыстарды атқызуға болады. Павлодар өңірі археологиялық ескерткіштерге де (өңірде көптеген тұрақтар, қорымдар, обалар, қоныстар бар), мәдени демалыс орындарына да бай. Бұл бөлімдеаумақтың негізгі назар аударарлық орындары, ғимараттар мен құрылыстар, ескерткіштер, мемориалдар, мүсін объектілері мен діни құрылыстар туралы ақпарат беріледі.
Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылған. 1961 – 92 жылдары Целиноград облысы болып аталды.

Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында.


Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі.
