Жамбыл облысы
Қазақстан облыстары
0 / 0 пікір
Жамбыл облысы,
43.9861, 72.1101
Сипаттама

Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады.

Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².

Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар.

 

Географиясы

Географиялық тұрғыдан облыс аумағы негізінен жазықтық. Климаты – едәуір құрғақ және континентальды.

 

Табиғаты

Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.

Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді.

27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған.

Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар:

- Мемлекеттік (кешенді) қаумал «Берікқара шатқалы» — 17,5 мың га алаңды алады, онда қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін, ал жануарлардан – арқарды, үнді жайрасын, жұмақ шыбыншыны кездестіруге болады;

- Жалпы алаңы 3,07 мың га құрайтын мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумал «Қарақоңыз шатқалы» (ботаникалық), Зайлы Алатаудың батыс сілемінде орналасқан. Алма, шие, алша, жүзім ағаштарының жемісті көшеттері үйеңкі орманның, боз қарағанның, тұт ағашының, түйе жаңғағының алаңдарымен ауыстырылады;

- Жалпы алаңы 1000 мың га құрайтын Андасай мемлекеттік (кешенді) қаумал (зоологиялық) Мойынқұм ауылынан батысқа Шу өзенінің жағасының бойында орналасқан. Өсімдік қабатында селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы басымды. Жануарлар әлемінде арқарлар, құландар, жайрандар, еліктер, қабандар, қояндар, қырғауылдар, құрлар басым.

 

Тарихы

Облыстың әкімшілік орталығы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Тараз қаласы болып есептеледі. Тараз қаласы республиканың ежелгі қалаларының бірі болғандығын б.э.д. 1 ғасырдың ортасындағы қытай жазбаларынан көруге болады. Патшалық Ресейдің 1863-64 жылдары әскери жаулап алушылық әрекетінің нәтижесінде бұрын Қоқан хандығының қол астында болып келген Ұлы жүздің жерлері империяның құрамына кірген. Осы өңірлерде Сырдария және Жетісу уездері құрылып, олар Түркістан генерал-губернаторлығына бағынған. Үкіметтің 1867 жылғы 11 маусымда қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі "Уаықтша Ережеге" сәйкес Әулиеата уезі құрылған, ол Сырдария облысына қараған. Оның аумағы батысында Түлкібас стансасы, шығысы Шу өзенінің батыс жағалауына, оңтүстігі Сусамыр алабына (қазіргі Қырғызстан Республикасының Талас облысы), солтүстігі Шудың төменгі ағысына дейінгі жерді алып жатқан. Орталығы Әулиета шаһары болған. 1917 жылы Қазақ төңкерісінен кейін уезд - 1918 жылғы 30 сәуірде құрылған автономиялық Түркістан Кеңестік социалистік республикасының құрамында болған. 1924 жылы Орта Азиядағы Ұлттық-аумақтық межелеуге байланысты уезд Сырдария облысының, кейінірек Алматы округінің құрамын енген. 1927 жылы әкімшілік-аумақтық аудандастыруға сәйкес уезд негізінде 6 аудан құрылған: Жамбыл, Луговой, Меркі, Сарысу, Талас, Свердлов. Олар Оңтүстік Қазақстан облысы құрамына кірген. Өлкенің өндіргіш күштерін шапшаң дамыту және оны әлеуметтік-мәдени тұрғыдан түлету жөніндегі проблемаларды шешу мақсатында 1939 жылғы 14 қазанда өз алдына Жамбыл облысы құрылған. Оның құрамына аталған 6 ауданнан басқа Алматы облысынан Қордай, Красногор, Шу, ал 1951 жылы Оңтүстік Қазақстаннан Жуалы ауданы алынған.

 

Жамбыл облысының әкімшілік бөлінісі

Облыста 10 аудан, облыстық мәндегі Тараз қаласы және аудандық мәндегі Қаратау, Жаңатас, Шу сияқты үш қала, 367 елді мекен бар.

 

Облыстың аудандары

Байзақ ауданы — Сарыкемер ауылы
Жамбыл ауданы — Аса ауылы
Жуалы ауданы — Момышұлы ауылы
Қордай ауданы — Қордай
Меркі ауданы — Меркі ауылы
Мойынқұм ауданы — Мойынқұм
Тұрар Рысқұлов ауданы — Құлан ауылы
Сарысу ауданы — Жаңатас қаласы
Талас ауданы — Қаратау (қала)
Шу ауданы — Төле би ауылы

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 1 отзыв
Қазақстан облыстары

Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылған. 1961 – 92 жылдары Целиноград облысы болып аталды.

5 / 0 пікір
Қазақстан облыстары

Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында.

5 / 0 пікір
Қазақстан облыстары

Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік.

0 / 0 пікір
Қазақстан облыстары

Батыс Қазақстанда орналасқан облыс.

5 / 0 пікір
Қазақстан облыстары

Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі.

0 / 1 отзыв
Қазақстан облыстары

Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік.