Қызылорда облысы
Қазақстан облыстары
5 / 0 пікір
Қызылорда облысы,
44.8431, 65.5716
Сипаттама

Қызылорда облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік.

Облыс 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған. Жер аумағы 226 мың км² (Қазақстан жерінің 8,3% -ы). Тұрғыны 689,7 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 3 адамнан келеді. (2010).

Қызылорда облысы - Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің төменгі ағысында жəне Тұран ойпатында орналасқан. Қазақстан Респуликасының бірнеше облыстарымен, оның ішінде шығыс және оңтүстік–шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, солтүстігінде – Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбе облысымен және оңтүстік-батысында Қарақалпақстан Республикасымен, оңтүстігінде Өзбекстанның Науаи облысымен шектеседі. Жер көлемі жөнінен республика бойынша 4 - орында.

 

Әкімшілік құрылымы

Солтүстігінде Қарағанды, солтүстік-батысында Ақтөбе облыстарымен, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен шектеседі.
Облыс құрамында 7 әкімшілік аудан, 3 қала бар:

Арал ауданы, орталығы — Арал қаласы
Қазалы ауданы, орталығы — Әйтеке би кенті
Қармақшы ауданы, орталығы — Жосалы
Жалағаш ауданы, орталығы — Жалағаш кенті
Сырдария ауданы, орталығы — Тереңөзек
Шиелі ауданы, орталығы — Шиелі
Жаңақорған ауданы, орталығы — Жаңақорған кенті

 

Географиясы

Облыс Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Аумақтың негізгі бөлігі Тұран ойпатында орналасқан (биіктігі 50-200 м.)

- облыстың батыс бөлігі Арал теңізімен шектеседі;
- оңтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында Қаратаудың тау жоталары мен жазықтығы орналасқан;
- батысында – Қарақұм арал маңы құмдарының төбелері бар.

Сырдарияның сол жақ жағалауында – Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің құрғақ арналары кесіп өтетітн Қызылқұм топырағының төбелері мен кең жазықтығы, оң жақ жағалауында үстірттері (Егізқара, 288 м.), құм учаскелері (Арысқұм және өзгелері), сорға толы таяз шұңқырлар кездеседі. Солтүстігінде – құм төбелері массивтері (Кішкентай Барсұқ және Қарақұм топырағы) бар. Оңтүстік-шығыс бөлігінде Қызылорда облысының аумағына Қаратау тауының жоталары кіреді (биіктігі 1419 м-ге дейін).

Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа дейін облыс орталығы арқылы ағып өтетін, ұзындығы 1 мың км. созылған, көптеген арналар мен ағыстарға тараған үлкен иреңді арнасы бар Сырдария өзені-ең ірі жалғыз өзен болып табылады. Тасқындардан қорғану мақсатында өзен жағалауының бойымен қорғаныс бөгеттері салынған; 1956 жылы Сырдария өзеніне Қызылорда плотинасы салынды; Для защиты от паводков вдоль берегов реки построены дамбы; в 1956 на реке Сырдарья сооружена Кзыл-Ординская плотина; 1958 жылы Жаңадария арнасымен жайылымдар мен егістікті суландыруға өзен суы жіберілді.

Жазды күндері кеуіп кететін көптеген тұзды көлдер бар (Жақсықылыш, Қамыслыбас, Арыс және т,б.); Көпек және Терескен көлдерінде — емдік қасиетке ие батпақтары бар. Қызылорда облысының шегінде солтүстік-шығысында Сарысу өзенінің сағасы кіреді.

Аумақтың біршама бөлігі өсімдігі аз топырақтары орналасқан; яғни қатайған жерлерінде жусанды бетегелер, тұзға бейімделген өсімдіктер, көктемде құмдақ және сортаң жерлерде тұрақсыз өсімдіктер сорты; құмдардың арасында дүзгіндер өседі. Құм төбешіктері сексеуіл, жыңғылдар, теріскен, бұйырғандар, жусандармен бекіген.

Облыс аумағының негізгі бөлігі Тұран ойпатында, шығысында Қаратау тауының жоталары, солтүстік-батысында Арал маңы Қарақұмы, оңтүстік-батысында Қызылқұм орналасқан. Қызылорда облысының климаты жазы ұзақ мерзімді ыстық және қары аз қысқа мерзімді суық, күрт өзгермелі континентті. Мұндай климаттық режим еуроазиялық материгінің ішінде орналысуымен, оңтүстік аймаққа жақындығымен, атмосфераның ауысымдылығының ерекшелігімен және өзге де факторлармен сипатталады.

 

Климаты

Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады. Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39 0С. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48 0С құрайды. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай - қаңтардағы орташа температура - 35 -360 С градусты құрайды.

Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасыынң енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 420 С градусқа дейін жетеді.

Құрғақшылық – облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі.

Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3,1 метрден 6 метрге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады.
Жауын-шашынның орташа мөлшері 100-115 мм. Арал теңізінің тартылуынан, Байқоңыр ғарыш алаңы тарататын улы заттары және экологиялық ортаның нашарлауына байланысты қышқыл жауын-шашын жауатын болды.

 

Флора мен фауна

Облыстың едәуір бөлігін құм басып жатыр. Топырағы қоңыр, құмдақ сұр, сортаң болып келеді. Жусан, бетеге, сексеуіл, жыңғыл, тал, тораңғы, қамыс өседі. Ауыл шаруашылығына қолайлы жер аумағының 12%-ы Сырдария өзенінің жайылмасында, 23%-ы шөлейтте, 65%-ы шөл аймағында орналасқан.
Жануарлар дүниесінен ақ бөкен, құлан, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, шибөрі, қосаяқ, күзен, сарышұнақ тіршілік етеді. Құстардан бүркіт, қаршыға, қырғауыл, қаз, үйрек, көлдерде балықтың алабұға, сазан, жайын, бекіре түрлері кездеседі.

 

Мәдениеті

Көне қалалар

Қызылорда облысы Ұлы Жібек жолының тарихи орталығы болады, оның дәлелі 500-ден астам қазақ халқының мәдени және тарихи ескерткіштердің мекенінің дамуында ерекше орынға ие. Бұл қазақ халқы өкілдерінің сәулет, археологиялық ескерткіштері және кесенелері.
Ежелгі жерде өмір сүрген Қорқыт баба, Әйтеке би және Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанас батырлары халықтың мақтанышы. Осы жерде туған Ғани Мұратбаев, Мұстафа Шоқай және белгілі жер өңдеуші Ыбырай Жақаев – өз елінің батыр ұлдары. Олардың аттары өлкетану тарихына кіріп, үйлердің қабырғаларында қашалған.

Тарихи қалалар Сауран және Сығанақ, археологиялық ескерткіштері және кесенелер Сунақ Ата, Айқожа ишан, Қарасопы, Оқшы Ата, Досбол би, Есабыз, Ақтас мешіті, Қорқыт Ата мемориалдық кешені Ұлы Жібек жолының туристік бағыттарына кіреді.

Жетіасар

Жетіасар — қалалар тобы б.э.д. соңы I мың жылдың аяғы — б.э.8 ғасырда ежелгі Сырдарияның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаланың негізгі бөлігі Қазақстанның Қызылорда облысының қазіргі Байқоңыр қаласы және Жусалы ауылынан оңтүстікте 45-90 км қашықтықта орналасқан. Жетіасар мәдениетінің барлық қалашықтары өзендер маңайында, қоғамдық үйлердің орнында қызмет ететен бірнеше бір-екі этажды қорғандардан тұрады. Тұрғындары балық, мал, жерді өңдеу шаруашылығымен айналысып, қалашық аудандары арқылы Тянь-Шаньнан Волгаға дейін маңызды караванды жол өтетін болған. Жетіасар мәдениеті археологтарды ежелгі тохарлар және эфталиттермен, басқа канғой тайпаларының мәдениетімен байланысты болады.

Алтынасар

Алтынасар, Құрайлыасар, Қараасар, Базарасар, Томпақасар, Жалпақасар қорғандары маңызды болып келеді. Қалашықтардың биіктігі қоршаған ортаның үстінен екіден он метрге дейін.

1946-1951 жылдары ескерткіштер С.П. Толстовтың жетекшілігімен КСРО Ғылым академиясы Хивин экспедициясымен алғашқы рет зерттелген болатын. 1973-1993 жылдары зерттеулер Л.М. Левиннің жетекшілігімен жалғасқан болатын. Алтынасар қаласының маңызды қазбалары және ескерткіштерге қосымша 1980 жылдың екінші ортасында – 1990 жылы Ленинск (қазіргі Байқоңыр) қаласымен Қызылқұмда артезианның су көздері біріктіретін су құбырларын салуда сақтау жұмыстары ретінде орындалған еді.

Сығанақ

Сығанақ – қалашық, қазіргі Қызылорда облысының шығысында, Түмен-Арық теміржол станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км, Сырдария өзненінің солтүстігінде 20 км қашықтықта орналасқан. Қаланың көлемі 10 га шамасында 15 төбемен құрылған сақталған қабырғаларымен қапталған. Орынның жалпы көлемі 13 га шамасындай бекітілген. Мешіттер, кесенелер, ғимараттардың бөліктері сақталды. Сырдариядан Түмен-Арқадан, одан басқа таулы өзендер Қаратау баурайларынан 20 километрден тұратын каналы қалаға дейін созылған. Қала алғашқы рет 10 ғасырдағы араб георграфы Махсиди жазуларында айтылатын оғыздар қаласы, 11 ғасырдың ортасындағы Каспийдің солтүстік жағалауынан Тянь-Шань тауларынан Сырдариямен өтетін керуен жолдарының ірі кәсіпті және сауда орталығы, қыпшақтардың астанасы. 1219 жылы қала моңғолдармен жойылып, 13 ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың ақша орталықтарының бірі пайда болған еді. 14 ғасырдың ортасында – Ақ орданың астанасы, 14-ші ғасыр және 15 ғасырдың бірінші жартысында Түркістан және Сауранмен тең, Қазақ хандығының орталығы болған.

1948 жылы алғашқы археологиялық қазбалар мәскеу археологтарымен жүргізіліп, б.э. 5 ғасырдағы заттар табылған болатын. 2004 жылдан бастап қаланы зерттеу «Мәдени мұра» Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының аясында жүргізіліп, зерттелуде.

Пікірлер
5 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 1 отзыв
Қазақстан облыстары

Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылған. 1961 – 92 жылдары Целиноград облысы болып аталды.

5 / 0 пікір
Қазақстан облыстары

Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында.

5 / 0 пікір
Қазақстан облыстары

Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік.

0 / 0 пікір
Қазақстан облыстары

Батыс Қазақстанда орналасқан облыс.

5 / 0 пікір
Қазақстан облыстары

Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі.

0 / 0 пікір
Қазақстан облыстары

Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан.