Абай және Пушкин ескерткіші
Мәдени мұра
0 / 0 пікір
Солтүстік Қазақстан облысы
Сипаттама

Абай және Пушкин ескерткіштері қазіргі заманғы мүсін өнерінің көркем туындысы болып саналады. Ол орыс және қазақ жұртының ғасырлық достығын айқындайды. 16 желтоқасан 2006 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл орталығында Ресейдегі Абай жылы және Қазақстандағы Пушкин жылының аяқталуымен тұстас келді.

Абай және Пушкин әртүрлі кезеңдерде өмір сүрді, дегенмен араларында көп ұқсастық бар. Екеуі шын мәнінде халықтың ақын-жазушылары болды. Екеуі де гуманистік ілімді ұстады және ағартушылықты дәріптеді. Олар рухани жағынан туыстас еді, сол себептен Пушкиннің шығармаларын Абай сүйіп оқыды. Абай орыс ұлы ақынының шығармаларын қазақ халқына жеткізе алды. Ауыздан ауызға «Онегиннің сөздері», «Татьянаның хаты», «Ленин монологтарынан үзінділер» жеткізілді. Абай екі халықтың мәдениетін жалғастыра алатын көпір сала алды.

2006 жылы Ресейде Абай жылы, Қазақстанда Пушкин жылы деп арналды. Екі елде классиктердің шығармаларына қызығушылықтар танытты. Мәскеуде Қазақ халқының ұлы Ұлы Абай Құнанбаевқа ескерткіш ашылды. Жауап ретінде Петропавл қаласында «Абай-Пушкин» мүсіндері қойылды. Ескерткіштерді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Мансұров Т.А. ашты. Оны мүсіндеуші Қазбек Сатыбалды, сәулетшісі Сұлтан Баймағамбетов және Валерий Затай болды, олардың жобалары арнайы байқауда жеңіс тапты.

Абай және Пушкин пішіндері өмір ағашының символына мүсінделген. Осы адамдардың өмір сүрген кезеңдерін бөледі, басқа жағынан мәңгілік символын сипаттайды. Пішіндер Алматы зауытында қоладан құйылған, гранит тас тұғырда мықтылап бекітілген. Ескерткіш биіктігі 7 метр 40 сантиметр, тұғырдың биіктігі 2,2 метр. Ескерткіш 50 метр сымбатты бағанамен қоршалған.

«Абай-Пушкин» композициясы Петропавл саябағы аймағында орналасқан, ол облыс орталығының ең әдемі жерлерінің бірі болып табылады. Республиканың тәуелсіздік күніне орайлас бұл ескерткіш қала мен мемлекет үшін жақсы сыйлық болды, сонымен қатар Абай және Пушкин жылдарының аяқталуына, және екі ел көршілес халықтардың мәдениеттерінің нығайтуларына жалғасын тапты.

Дереккөзі: culturemap.kz

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4.5 / 1 отзыв
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.