Жұбан кесенесі
Мәдени мұра
5 / 2 отзыва
Атырау облысы,
46.9766, 54.0716
Сипаттама

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі. 1898 жылы салынған осы Кесене қазақтың халық сәулетшілігінің ең көрнекті ескерткішітерінің бірі болып табылады. Осы сәулет ескерткішіне тіпті көлікпен де жету оңай емес, себебі ол ұлы дала өлкесінің алыс тұрған, оңаша жерінде орналасқан, әйткенмен сол жаққа барған саяхатшылар уақыт бөліп, Жұбан кесенесін көрулері жөн. Сол ерекше әдемі жерлер ұлы дала тарихына толы. Кесене Атырау облысының Күлсары қаласынан 90 шақырым жерде, 20 метрдегі жайпақ қыр үстінде орналасқан, дәстүр бойынша осындай құрылыстарды салу үшін айналадағы ең биік жер алынған. Қырдан айналадағы көптеген шақырымдағы әдемі жерлерді көруге болады, көктем кезінде әсіресе әдемі, сол кезде дала тіріліп, көптеген гүлге және алуан шөпке толады. Құрылысты қиял мен құпияға бөлеп, Кесенені салу тарихы өз аңызға ие. Аңыз бойынша Кесенені сол жердің ең бай тұрғыны Жұбын молланың бұйрығымен салынған. Сол кезде Атырау даласы дарқан болып, дәулетті адамдары көп болды, бірақ олардың арасынан Жұбан молладан бай болған кісі болмады. Ауру байды да, кедейді де аямайды, Жұбан да ауруға шалдығады. Өлімші болып ауырып жатқанын, күні санаулы қалғанын түсініп, атақты шебер Нұғманды шақыртады. Нұғман атақты дала сәулетшісі болып, оның даңқы алысқа жайылған.

- Өзімді халықтың есінде мәңгі қалдырғым келеді. Ұрпақтарым сүйсіне қарап, мені естеріне аларлық маған арнап Кесенені сал – деп Жұбан Нұғманды сұрайды. Атақты шебер іске кірісіп, өз сөзінде тұрды, оны бірнеше жыл салды, бірақ Кесене асқан болып шықты. Ол үш жүзжылдық бойы тұрып, біз үшін тек Жұбан молланың атын ғана емес, сондай ақ қазақтың тамаша сәулетші Нұғманның есімін танытты.

Шебер өз есімін Кесененің солтүстік қабырғасының ішкі бөлімінде жазуды қалдырып, мәңгі есте сақтады, сонда оның аты мен жұмысы үшін қанша төлегені көрсетілген. Сол кездегі өлшемдер бойынша төлемақы өте бағалы болды – 20 мың сом, 10 жылқы, 122 қой, пұд шай мен 15 пұд қант. Аңыздың әдемі болғандығы сөзсіз, бірақ Кесенені салудың басқа нұсқасы бар, оған сәйкес осы сәулет ескерткішті атақты шеберлер ағайындылар Оңғалбай, Мұңалбай, Өмірбай, Итбай, Иманбай Қаражүсіповтар тұрғызған. 1985 Жұбан Кесенесін атыраулық мамандар қайта салды. Соның ішінде құрылыстың басындағы бояуын қалпына келтіру әрекеті жасалды, өкінішке орай қазіргі кездегі ғалымдар ерте замандағы шеберлердің құпияларын аша алмады және Кесенеге бүгін қарасақ, сыртыңғы жақта қазіргі кездегі бояулардан ештеңе қалмағанын көре аламыз. Ал алдыңғы ғасырдан қалған бояу осы күнге дейін құрылысты көріктендіреді. Жұбан кесенесі есік орны оңтүстікке бағытталған бір бөлімді күмбезді кесене (сыртқы өлшем бойынша 5,85 х 6,75 м.) болып табылады. Композиция жағынан ескерткіш екі негізгі бөлікке бөлінеді: Ғимараттың төртбұрышты сүйеніші және оның үстіндегі барабандағы дулыға тәрізді күмбез. Кесененің барлық қасбеттері терең емес текше қатарлары бар жеке бөлімдердің тік және көлденең қабаттарға бөлінген. Қасбеттердің композициясы үстіңгі қабаттың ортаңғы жағында орналасқан шеберлікпен орындалған оюлы тегіс бедерлі өрнекпен безендірілген. Оңтүстік қасбет үстіңдегі жақтау құрылғысымен белгіленген. Кесене қабырғалары тақта іргесінде тұр: олар кесілген ұлутастың кәсектерінен құрылған. Кесене жабыны негізінде арқалықтардағы барабан шеңберіне тік бұрышты қабырғалардың өтуімен негізделген жасанды күмбез бар. Қасбеттердің жеке бөлімдерінің төменгі қабаты текшелер мен күрекшелердің алаңы сұлбалы оюы бар көркем өрнекпен толықтырылған ішкі көріністе сақталады. Солтүстік қабырғада нашар сақталған араб таңбалы эпиграфика сақталған. Жерлеу бөлімінің алаңында 5 жерлеу орындарының қалдықтары сақталған, соның ішінде Жұбанның қабірі үстіндегі құлпытас.

Кесененің жалпы биіктігі – 9,95м. Жұбан Кесенесі қарапайым және де бір уақытта сәулетті болып көрінеді, ол сәтті орналасуының арқасында қоршаған көрініске өте жақсы жарасады. Қоршаған кең байтақ даланың ажыратылмайтын бөлігі болып, ол даналық, мәңгі тыныштықтың және адам рухының белгісі сияқты тұр. Қарапайым және тақуа амалдарды пайдаланып, шебердің қолынан үйлесімді және әйгілі құрылысты жасауға келді. Кесене қабырғалары ақшыл сары ұлутастан жасалған және таңырқатқыш оюмен безендірілген. Құрылыс құрылған тақталар әлдеқандай айлалы амал арқылы бекітілген, қазіргі кездегі қайта құрушылар ішінде не бар екенін білгілері келгенде, техника көмегімен бір тақтаны жылжытуға тырысты. Бірақ ол тіпті қозғалмады. 1982 жылдан бастап, Жұбан Кесенесі республикалық ұлттық маңызындағы мәдениет ескерткіштер тізіміне қосылған және мемлекеттік қорғауға алынған.

Пікірлер
5 / 1 отзыв
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Бірден айта кететін жайт, бұл Мысырдың билеушісі болған ұлы қыпшаққа қойылған әлемдегі жалғыз ескерткіш болып табылады.