Успендік соборы
Мәдени мұра
0 / 0 пікір
Атырау облысы
Сипаттама

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан. Осы собор Қазақстанда әрекеттегі ең ежелгі ғибадатханалардың ішіне кіреді және республикалық маңызындағы сәулет өнерінің ескерткіштер тізіміне қосылған. Успендік собор 1888 жылы қаланың ең бай тұрғындарының бірі саудагер Ф. Тудаковтың жеке қаражаттарына салынған, кейбір дерекнамаларға сүйенсек, Соборды салу үшін ақшаны бөлуге діндар болған әйелі көндірді. Оның ұзаққа созылған көндірулерінен кейін саудагер алтынмен санағанда ірі сомаға түскен құрылысты бастауға шешім қабылдады. Құрылыс 10 жылдан астам созылып, 1888 жылы аяқталды. Собор қабырғалары күйілген тастан (кірпіштен) жасалған, ғибадатхананың ұзындығы 45 метр, ені 14 метрді құрайды, оның ең жоғары белгісі 40 метрге жетеді. Ғибадатхананың жалпы көлемі- 4500 текше м. Жалпы көлемі - 230 шаршы м. Собор 900 орындарға арнап салынған. Успендік собордың басты күмбезінің биіктігі 40 м құрайды, ал жіңішке күмбездердің - 10 метрден құрайды. Собор ғимараты сол кезге лайық болған жалған орыс стилінде салынып, ежелгі орыс пен орыс сәулет өнер дәстүрлерінің, сонымен қатар олармен бірге орайластыратын византиялық сәулет өнерінің элементтерінің синтезін көрсетеді. Әйткенмен, 19 ғасырда сол үлгімен салынған көптеген ғибадатханалардан ерекшеленетіні -Успендік Соборы ғимараттың жалпы құрылысының әлдебір қарапайымдылығы мен жеңілдігі сай болатын ерекше жергілікті сәулет мектебі болып табылады.

Ф.Тудаковтың байлығына байланысты қызықты аңыз бар. Оған сәйкес саудагердің әкесі Иван Тудаков көптеген орыс-түрік соғыстардың біріне қатысты. Дәл орыстар жеңген ірі ұрыстардың бірінен кейін ол соғыстан бай адам болып оралды. Аңыз бойынша байлығының көбісін Қара теңіз суына кеткен алтынды тасымалдаған түрік кемесін тауып, алды. Кейін оның ұлы Ф.Тудаков сауданы сәтті жүргізіп, кәсіпшілікке ие болып, әкесінің мүлкін арттыра түсті.

Құрылыс пен жарықтандырудан кейін Успендік Собор Гурьев (Атырау) қаласының орталық ғибадатханасы болды, бірақ төңкерістен кейін Собор жабылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде КСРО-да дінге қатысты мемлекеттің саясаты жұмсарды,елдің барлық түкпірлерінде ғибадатханалар ашылып, қайта салынды. Успендік Собор КСРО-да ашылған ғибадатханалардың алғашқы 10000 кірді, кейін ғибадатхананың діни маңызы өсіп, оған екінші Кафедралы собордың мәртебесіне ие болды. Жүз жылдан артық уақыт бойы Соборда маңызды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген және ғимарат құлдырап кеткен. 2000 жылы Атырау облысының әкімі И. Н. Тасмағамбетовтың бұйрығы бойынша Успендік Собор толығымен қайта салынды. Негізгі ғимараттың іргетасын күшейту бойынша үлкен жұмыс жасалған, Собордың қасбеті мен күмбезі қайта салынды. Қалпына келтіру жұмыстардың зор ауқымына қарамастан, мамандар сәулет ескерткішінің тарихи бейнесін толығымен сақтай алды.

Дереккөзі: culturemap.kz

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Бірден айта кететін жайт, бұл Мысырдың билеушісі болған ұлы қыпшаққа қойылған әлемдегі жалғыз ескерткіш болып табылады.