Вознесенск шіркеуі
Мәдени мұра
5 / 1 отзыв
Алматы облысы,
43.25839, 76.95504
Сипаттама

Вознесенск кафедралы шіркеуі — орыс православие шіркеуі (кафедралы шіркеу (кафедральный собор) - епископтың басқаруымен құдайға сиынатын шіркеу).

Географиялық орны

Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы Екінші дүниежүзілік соғысының батырларына арналған 28 гвардиялы-панфиловшылар саябағы ішінде орналасқан.

Тарихы

Іргесі 1904 жылы 26 қыркүйекте Верный (қазіргі Алматы) қаласының 50 жылдығына орай қаланған. Жобаның авторлары талантты архитектор К.А.Борисоглебский және С.К.Тропаревский, ал құрылысын салуды Верный қаласының 1877-1888 жылдары алғашқы басшысы болған П.М.Зенковтың ұлы, инженер-құрылысшы А.П.Зенков пен әскери инженер Н.И.Степанов басқарған. Құрылысы 1907 жылы 30 шілде айында аяқталғаннан кейін, православие қызметтері басталып 1927 жылға дейін діни мекеме ретінде пайдаланылады. 1929-1995 жылдары шіркеу мұражай ретінде қолданылады. 1995 жылы орыс православие шіркеуі ретінде қайтадан қайтарылғаннан кейін православие қызметтері қайтадан жаңғыртылады. 1997 жылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Шіркеу Қазақстан Республикасының сәулет және тарих ескерткіші ретінде республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Сипаты

Құрылысы бір-бірімен тек темір бекіткіштермен қыстырылып ағаштардан ғана 56 м биіктікке тұрғызылған дүниежүзіндегі екінші биік ғимарат. 1911 жылы Верный қаласында болған жойқын жер сілікінісінде барлық жер үйлер қираған кезде шіркеудің тек бір кресті ғана майысқан. Шіркеудің темір крестермен аяқталатын алты бағанасы бар, ішкі құрылымдары Ресей мен Украинаның көркемөнер шеберханаларында жасалған, әулиелердің көркем бейнелерін суретші Николай Хлудов өрнектеген.

Пікірлер
5 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.