
Ақ мешіт – Павлодар облысының қызықты ескерткіштерінің бірі және Павлодардың көне ғимараттарының бірі. Ол Марғұлан көшесі 138 мекен-жайында орналасқан. Өзінің сәулеті жағынан мешіт әдеттегіден тыс салынған.
Православиелік шіркеуге ұқсас кішкентай, әрі көркем ғимарат ұзын мұнарамен аяқталады (қоңыраухана орнына – мұнара, ал бес тараулықтың орнына – кең күмбез). Вознесенский шіркеуін жоғалтып алғаннан кейін мешіт жалғыз ғибадатхана, және Павлодар уезінің орталығындағы биік доминанта болып қала берді.
1901 жылғы өрт кезінде қаланың ағаш құрылыстары мен мешіт жанып кетті. Жанып кеткен мешіттің орнына 1905 жылы көпес Фаттах Рамазановтың қаржысына жаңа тас мешіті салынды. Оның төбесінде күміс ай жарқыраған мұнарасы болды. Көптеген жылдар бойы дәл осы мұнарадан белгілі бір уақытта молла намаз оқитын. Мешіт әрқашан ақ түске әктеліп тұрғандықтан халық арасында оны «Ақ мешіт» деп атап кетті. Жаңа тас ғимараттың қақпамен қоршалған және жайластырылған қосымша алаңы болды.
2005 жылы мешіттің 100-жылдығына орай ғимаратты қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бір жылдан кейін келем деушілерге мешіт есігі айқара ашылды.
Дереккөзі: culturemap.kz

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.
19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.
Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.


Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.