42.3153, 69.5897
Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры 1958 жылы қарашада облыстық қазақ драма театрының құрамында орыс труппасы ретінде ұйымдастырылған.
1959 жылы 2 қаңтарда театр труппасы өзінің тұңғыш шымылдығын А.Е. Корнейчуктың “Жұлдыздар неге жымыңдайды?” атты спектаклімен ашты. 1968 жылдың қаңтарынан өз алдына жеке, дербес театр болып бөлініп шықты.
Театрдың шығармашылық жағынан өсіп-өркендеуіне актерлер И.Е. Болотова, И.М. Фрейдин, А.И. Пащенко, Л.И. Книжникова, С.М. Догмарова, В.Н. Матвеев, О.А. Величко; режиссер Ю.И. Книжников, суретші Ф.А. Черноголова (1978 жылдан), т.б. елеулі үлес қосты. Театр ұжымы осы заман тақырыбын игеруге көп көңіл бөлді, осыған орай театр репертуарынан 20 ғасыр жазушыларының (А.И. Абдуллин, А.А. Дударев, М.А. Галин, А.А. Каплер, О.Ш. Иоселиани, В.С. Розов, Х.Вуолийоки) драмалық шығармалары мол орын алған.
Театрдың шығармашылық ұжымы Қазақстанның облыс орталықтарымен қатар Ресей қалаларында да (Магнитогорск, Миасс, Златоуст, Орск) гастрольдік сапармен өнер көрсетті.
Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.
19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.
Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.
Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.
Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.