Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі
Мәдени мұра
0 / 0 пікір
Павлодар облысы,
52.31538, 76.9581
Сипаттама

Қара суық пен Жаңажол елді мекендерінің арасында Ескерткіш орын бар - Ескелді төбесі бар, орыс тіліне аударғандағы мағынасы иесі келді - хозяин пришел деген мағынаны білдіреді. Осы жерде өз өмірінің соңғы үш жылын қазақтың ұлы баласы, ақын, ағартушы, фольклор жинаушы Мәһшүр Жүсіп Көпеев өткізген. Бұл жердегі дөңде оның кесенесі орналасқан.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев жан-жақты, білімі терең адам болды. Ол өртеу зияны мен зардабы, шөп шабу мен сақтау, жылқылардың қандайын өсіру керектігі, қандай жерге егу керектігі туралы, жылқыларды емдеу, суды қай жерден іздеу керектігі туралы және т.б. мақалалар жазды. Қоғам қайраткері ретінде ол жәрмеңкелерді ашуға қол жеткізсе, геолог ретінде құдықтарды қай жерде қазу керектігіне кеңес береді.

Көпеевтің есімі елде тек ақын, фольклорист, тарихшы, этнограф, философ ретінде ғана аян емес. Көріпкелдік қасиеті үшін ол көзі тірісінде әулие атанған. Оған әр жерден адамдар ағылып, батасын алуға келген. Бір адамның бойындағы осыншама керемет қасиеттер мен таланттардың үйлесімі көз тірісінде-ақ Баянауыл жерінің ұлылары қатарына қосты.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4.5 / 1 отзыв
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.