Қызыл Кент сарайының ескі орны
Мәдени мұра
0 / 0 пікір
Қарағанды облысы
Сипаттама

Кент тауларында Кызыл-Кент жолының маңында қазақ даласына жоңғар шапқыншылығы кезіндегі сәулет ескерткіші бар. Халық арасында ол Кент сарайы деген атаумен белгілі. Кішігірім жазықта, барлық жағынан жартасты таулармен қоршалған.

Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеуші М.Чеканинский «Развалины Кызыл - Кент, опубликованной в записках Семипалатинского отделения общества изучения Казахстана» атты мақаласында (1929) Қарақаралы ауданына қазақстарды қоныстандыру тарихы туралы бірқатар қызық ұсыныстарды хабарлайды.

Кент тауларында Кіші жүздің Жағалбайлы руының қазақтары XIV ғасырда пайда болды. Мекеннің өзіне тән мінезі, ғимарат жоспары және тапқырлықтары М.Чеканинскийдің ойынша Қызыл Кентке Будда храмына қарағандай қарауға мүмкіндік береді. Кент сарайының ғимараты кішігірім, шаршы пішінді. Жақтардың өлшемі 5 сажень (ежелгі орыс ұзындық өлшемі, 1 сажень шамамен 2 метр болып есептеледі.) Үш жақтан жалғас салынған үйлер бар, олардың сыртқа шығатын есіктері жоқ. Терезелері қайда екені белгісіз. ХIХ ғ. соңында құрылыс бұзылған. Оңтүстік жақтағы ұзындығы 8 аршин (ежелгі орыс ұзындық өлшемі, 1 аршинде 71 см бар.) қабырға тұсында кіреберіс есік орналасқан. Кіреберіс есік қалқаның астында орналасқан. Қалқа балкон түрінде және ұзындығы 4 аршин ағаш бағаналарымен тірелген. Екі бағана үйдің қабырғаларының қалқасын тіреп тұр, ал төртеуі қарама-қарсы жақтағы шеттерді тіреп тұр. Екі артқы және алғы бағаналарға бір- бір бөрене салынған, кесе-көлденеңнен орта қалыңдықты 17 сырғауыл орналасқан. Сырғауылдардың арасы тақтайшалармен толтырылған. Үстінен тас тақталар төселген. Қалқаның екі жағынан да қабырғалардың қалдықтары сақталған. Бұл қабырғалардың міндеті жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалқадан жоғары оңтүстік қабырғада кіреберістің үстінде терезе сақталған.

Ал, ғимараттың ішінде осы қабырғада жерден 3 аршин 7 вершок (ежелгі орыс ұзындық өлшемі, 1 аршинде 71 см, 1 вершокта 4,445 см бар.) биіктікте жұқа мөтке көрінетін. Анықтап айтқанда, бұл екінші қабат еденінің қалдықтары. Сонымен, ғимарат екі қабатты болғаны анықталды. Бұл жергілікті тұрғындардың әңгімесі, оңтүстік қабырғаның биіктігі және екінші қабаттағы биіктікте терезенің болуы негізінде дәлелденді. Бүкіл сарай жапсырма құрылыстарымен бірге тас тақталардан салынған. Құрылыстың ішкі және сыртқы жағы балшықпен сыланған. Қабырғалардың қалыңдығы 1 аршин 2 вершкок. Сарай маңында түрлі құрылыстардың үйінділері болған. Сарайдың қасында бірнеше қабір бар. Сыртынан қарағанда олар қазақтардікі емес. Кент сарайы Жоңғар хандығы тұсында пайда болған ескеркіш. Қызыл Кент үйіндісінің маңынан бидай тұқымы бар бірнеше қыш құмыра – будда дінінің заты табылды.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.