Түмен әулие кесенесі
Мәдени мұра
0 / 0 пікір
Атырау облысы
Сипаттама

Түмен әулие ХІХ ғасырдың бірінші жартысында (1821-1875 жылдар шамасында) Қаракеткен, Амангелді ауылдық Кеңестері қамтуындағы елді мекенде туып өскен. Осы жерде бас-аяғы 54 жас өмір сүрген. Түменді кішкентайынан-ақ әруақтар қамқорлыққа ала бастапты. Баланың 5-6 жасар кезі екен. Ауыл арасындағы шаңдақта ойнап жүргенінде ойда-жоқта қатты жел тұрып, бір топ балалардың ішінен айрықша Түменді жоғары көтеріп әкетеді. Әкесі Қаражігіт ғайыптан болған белгісіз күштің оқиғасын естігеннен кейін, бірнеше күнді ұйқысыз бастан кешеді. Құдайға мінажат етіп, үйде отырып қалыпты.

Бір жеті өткеннен кейін, басқа бір ауылдан бала Түменнің хабары естіліп, он ауылға жеткізеді. Баланың есі кіріп, қалыпқа келгеннен кейін сұрастырғанда бірнеше адамдардың қақпақылдап қолдан қолға тигізбей ұшырып алып жүргенін айтыпты. Сұраған көп сұрақтарына өз әлінше жауап қайтарыпты. Бір сауалға жауап беруге тілі күрмеліп, мүдіреді. Сол кезде олар «бізге жолдас болу қиын екен, жерде де кем болмас»,- депті де бастап кеткен көрінеді. Сөйтсе олар Ғайыперен қырық шілтеннің бірі кем отыз тоғыз екен.

Одан кейін Түменге әруақ он екі жасында біржола қоныпты. Үйіне отындық сексеуіл шауып әкеле жатқанда күтпеген жерден бір ақ киімді ақсақал шал пайда болып: «Ей, балам үйіңе барған соң малыңның ішіндегі қарабас қойды сойдырып, ауыл-аймағыңды шақырт, батамды беремін» депті. «Сізбен қалай кездесемін» деген балаға, «құдайы жасағанда бірге болармын» депті де көзден ғайып болыпты. Бейтаныс адамның тапсырмасын бұлжытпай айтып келген баласына әкесі қорасындағы ақ қарабас қойын сойып, ауыл-аймағына құдайысын таратыпты.

Бір күні Түмен таң алдындағы тәтті ұйқыда бірде өзі өңінде кездестірген ақ сақалды шалды тағы көреді. «Балам, менің беретін мына үш нәрсеме ие бол: біріншісі – ақ түсті кітабымды ал, асқан емші боларсың, алдыңа келген сырқат айықпай кетпес, екіншісі – мына бір кесе суды ішіп жібер, атағың аяқ жетер жерге тарайтын көріпкел әулие боларсың, үшіншісі – мына қобызымды иелен, бір демеушің осы болар, қажетті жеріңде, күңірене тартылған қыл қобыздың үні шыққанда қасыңнан табылармын» деп батасын беріпті.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.