Төлегетай-Қылышты ата кешені
Қасиетті орындар
5 / 0 пікір
Қызылорда облысы
Сипаттама

Төлегетай-Қылышты ата кешені (ХІ-ХІІ ғғ.) Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы орталығынан 30 шақырымдай қашықтықта орналасқан.

Төлегетай Баба – ХІІ ғасырдың басындағы Күшілік ханның ұрпағы. Наймандарды жер-жерлерге бөлген кезде Төлегетай ежелгі Өзгент-Түркістан өңіріне жіберіледі. Бұрын да бірінің атағын сырттай білетін Төлегетай мен Қылышты Сыр өңірінде кез болып, бірін-бірі құрмет тұтып өтеді.  

Төлегетай баба туралы ең алғаш қалам тербеген адам – кезінде Орта Азия халықтарына танымал, Қазан төңкерісінің алғашқы жылдарында Түркістан автономиясының бас министрі болған Мұхаметжан Тынышбаев. Төлегетай Сүйінішұлы (шамамен XV ғасырда өмір сүрген) тарихи тұлға. Найманның шөбересі (Найманнан – Белгібай, одан – Сүйініш, одан – Төлегетай). Төлегетай баба өз заманында қол бастаған батыр, елдің қамын жеп, бірлігін ойлаған қайраткер болған. Қазақ даласында жеке ұлыс болып қалыптасқан наймандарды Төлегетай батыр билеген.

Кейіннен кіші ата ру атына шыққан Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл Төлегетайдың немерелері. Ол жер жадысына жүйрік болған, жері құмдауыт, суы тапшы келетін сол өңірде бабамыз «Мына жерден су шығады» деп таяғымен нұсқаған жерінен су шығады екен. «Төңірегіңе абай бол», «Төрт құбылаңнан жазба», «Төрт көзің түгел болсын», «Көштерің қатар, түтіндерің қосылып тұрсын», «бір-біріңнен от сұрай жүріңдер» деген өсиеті халықтың бірлігі мен тұтастығын, қабырғаның теңдігін меңзейді. Жиендерге қырық серкеш беру салты Сүгірші, Төлегетай бабаларымыздан қалған дәстүр деседі. Қылышты ата ерекше қасиетке ие әулие адам болған деседі.

Халық арасына тараған аңызға сүйенсек, көлікті адам көлігінен түсіп зиярат етпесе, өзі немесе аты майып болады екен. Басына түнеп перзент тілегендер мен кеселденгендерге Алланың күшімен шипа беріп отырады. Қылышты атаның әкесі Камаладдин Меккеден келіп Қырөзгент шаһарының патшасы Әбубәкір Сыдық ұрпағы Ілгімағзұмның қызына үйленеді. Содан көп кешікпей Меккеге қайтып келеді. Қылышты ата шеше ішінде қалып, өскенде аспаннан қылыш пен ақбоз ат түсіп, 1001 бәлеге қарсы тұрған. Уәзірлері мен билері алдына келгенде қылышы күн сәулесіне шағылысып, қылыштың жүзіне қонған шыбын екіге бөлініп түсе беретін болыпты. Онысы «Кімде-кім адал болмаса осындай жаза алады» дегені екен. Міне, осыдан бастап Қылышты ата атаныпты. Қылышты ата туралы «Бабырнама», Камилқан Қаттаевтың «Махдуми Ағзам және Дағбед», Ақсақ Темірдің өмірі туралы Шарафиддин Али Аздидің «Зафарнама» кітаптарында жазылған.

«Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» кітабынан

Пікірлер
5 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
5 / 1 отзыв
Қасиетті орындар

Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.

5 / 4 отзыва
Қасиетті орындар

ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан.

5 / 1 отзыв
Қасиетті орындар

Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат.

5 / 0 пікір
Қасиетті орындар

Бәйдібек кесенесі, Қасиетті бес ана - тарихи ескерткіштер кешенінің құрамдас бөлігі.

5 / 2 отзыва
Қасиетті орындар

Домалақ ана кесенесі - сәулетті ескерткіш. Қаратаудың күнегей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан.

0 / 0 пікір
Қасиетті орындар

19 ғасырдың бас кезінде Жем бойында Бекет ата салған жер асты мешіті.