Домалақ ана кесенесі
Қасиетті орындар
5 / 2 отзыва
Оңтүстік Қазақстан облысы,
42.888, 69.9874
Сипаттама

Домалақ ана кесенесі - сәулетті ескерткіш. Қаратаудың күнегей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан. Қазақ халқының абыз аналарының бірі, халық арасында Домалақ ана атанған Нұрилә Әли Сланқызының зиратының басына тұрғызылған.

Нұрилә - араб сөзі, қазақша «Алланың нұры» деген ұғым береді. Нұрилә (Домалақ ана) - Бәйдібек бабамыздың үшінші әйелі. Домалақ ана өзінің ақылдылығымен ел ішінің бірлігінің ұйытқысы бола білген. Тарихи жазбаларда Домалақ ананың адамгершілігі, әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетінің арқасында «Домалақ ана» аталуы жайлы көптеген деректер жазылған.

Домалақ ана Жетісу, Әулиеата, Шымкент, Ташкентті мекен еткен барлық халықтың анасы саналады. Оның баласы Жарықшақ Ташкент әмірінің көмекшісі, кейін Жетісу аймағының билеушісі болған. Есенбұға ханның бас уәзірі қызметін атқарған. Бірде Домалақ ананың түсіне ері Бәйдібек ата кіріп, туған мекені Қаратауға көш деп аян береді. Осы жол сілтеумен өмірінің соңғы уақыттарын Қаратауда өткізген аяулы ана намаз уақытында қайтыс болады. 1456 жылы Домалақ ананың немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шері есімді шеберді алдыртып, ана басына төрт қанатты күмбезделген кесене-там тұрғызады. Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып қайта өңделген.

ХХ ғасырдың басында қойылған ескерткіш дөңгелек пішінді, сыртынан алты нишалы, ал күмбез негізгі ғимараттың үстінде болған. 1957 жылы қайта жаңартылғанымен кесене көп сақталмаған. 1996 жылы Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан өрілген. Жерден биіктігі 12 метр биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігіне күмбез орнатылған. Домалақ ана кесенесіне 2000 жылы айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары толық аяқталған. Кесененің құрылысын жүргізуші және жобасын жасаушы сәулетшісі - Саин Назарбеков.

Ғимаратта түрлі көне қолжазбалар сақталған. Бүгінде және бұған дейін аталған кесене көпшіліктің тәу етер қасиетті орынға айналған. Бұл жерде негізге бұрыннан белгілі формалар мен мотивтерді қиыстыру арқылы жаңа ғимарат салу идеясы емес, ассоциативтік қатарлар түзу жолымен байырғы қазақтың халықтық мұрасын басқа, күрделірек деңгейде тереңінен меңгеру әдісі қолданылған. Табыну ғимараттарының белгілі бөліктері - портал, күмбез, мұнаралар - өзге иілімділік тілінің көмегімен, сезімдік-көркемдік дәрежеде ортаазиялық классикалық емес, қазақтың далалық көне өнерімен үндес жасалған.

Пікірлер
5 / 2 отзыва
пікір қалдыру
Сонымен қатар
5 / 1 отзыв
Қасиетті орындар

Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.

5 / 4 отзыва
Қасиетті орындар

ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан.

5 / 1 отзыв
Қасиетті орындар

Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат.

5 / 0 пікір
Қасиетті орындар

Бәйдібек кесенесі, Қасиетті бес ана - тарихи ескерткіштер кешенінің құрамдас бөлігі.

0 / 0 пікір
Қасиетті орындар

19 ғасырдың бас кезінде Жем бойында Бекет ата салған жер асты мешіті.

0 / 0 пікір
Қасиетті орындар

Павлодар облысындағы Баянауыл тауының батыс жағындағы Аққарағай тауының күнбатыс етегіндегі қасиетті үңгір.