Қасиетті Қоңыруәлие үңгірі
Қасиетті орындар
0 / 0 пікір
Шығыс Қазақстан облысы
Сипаттама

Қоңырәулие үңгірі - Павлодар облысындағы Баянауыл тауының батыс жағындағы Аққарағай тауының күнбатыс етегіндегі қасиетті үңгір.

Ол Баянауыл ауылының солтүстік-шығысында, 17 км қашықтықта орналасқан. Жергілікті тұрғындар оны “Әулиетас” немесе “Қоңырәулие” деп те атайды. Үңгір тектоникалық жік түсуден, гранит тасына табиғи сыртқы күштердің (жел, күннің қызуы, су шаю, т.б.) әсерінен пайда болған. Ендік бағытта созылған үңгірдің ұзындығы 30 м, ені 2,5 м, биіктігі 1,8-2,0 м, кіреберісі кеңдеу де, түбіне қарай біртіндеп тарылып, тастағы жарықшақтардан енген судан түзілген көлшікпен бітеді. Үңгірдің табаны тегіс, бүйірі қуыс-қуыс және тепкішекті. Суының шипалық қасиеті бар.

Қоңырәулие туралы аңыз

«Қоңыр әулие» үңгірі жердің, жануар¬лар мен құстар әлемін қорғаушысы Нұх Пайғамбар заманынан бар. Бүкіләлемдік су тасқыны кезінде үш көріпкел Нұх Пайғамбардың кемесіне қалып қойыпты-мыс, бірақ кемеде орын болмапты, сонда үш бақанды жалғап байлап, бақанға отырып, ол пайғамбардың кемесіне байланыпты. Бүкіләлемдік ағыспен олар солтүстіктен оңтүстікке беттейді. Алғашқы болып үлкен әулие Құланның бөренесі тасқа соғылып, жұлынып кетеді. Бұл Қызыл Тау маңында болған. Екінші болып тасқа ортаншы бала әулие Қыранның бөренесі ең биік тау Ақбетке соғылады. Су қайта бастап, таулар мен шоқылар ашыла бастағанда, кенже әулие Қоңырдың бөренесі үңгірге жақындағаннан кейін, ол осы жерде қоныстанады. Сол себепті үңгір қажылықтың киелі жері саналған. Осындай табынудың себебі болған үңгір түкпіріндегі қазан, осы қазан түбіне үнемі су жиналады. Осы суда барлық ауруларды жазу қасиеті бар, тіпті, бедеуліктен де. Қай уақытта болмасын үңгір жанына баланы дүниеге әкелу мақсатымен әйелдер қонған және осы армандары шынымен де орындалған.

Үңгір ішіндегі қасиетті көл

Қоңыр әулие өзінің қасиетті көлімен халық арасында танылған. Үңгір ішіндегі көлдің ұзындығы 25 метр, ені 10, тереңдігі 1,8 метр дегенмен, оның көлемі жерасты суының деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Суы тұщы әрі көптеген ауруларға ем. Шынында да көл суының емдік қасиеті бар екені еш күмән туғызбайды. Өйткені, үңгір орналасқан Ақтастың бетінде ертеден-ақ арша қалың өседі.

Қызықты мәлімет

Баянауылдағы үңгірде Қаныш Сәтбаев болған. Бүгін қасиетті үңгір қалың жұртқа сая болып, киелі орынға айналып отыр. Үңгірге көтерілетін баспалдақтардың ұзындығы 110 метр, әрбір 10-15 метр сайын демалуға арналған алаң бар. Үңгірдің жалпы ұзындығы 30 метр.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
5 / 1 отзыв
Қасиетті орындар

Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.

5 / 4 отзыва
Қасиетті орындар

ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан.

5 / 1 отзыв
Қасиетті орындар

Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат.

5 / 0 пікір
Қасиетті орындар

Бәйдібек кесенесі, Қасиетті бес ана - тарихи ескерткіштер кешенінің құрамдас бөлігі.

5 / 2 отзыва
Қасиетті орындар

Домалақ ана кесенесі - сәулетті ескерткіш. Қаратаудың күнегей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан.

0 / 0 пікір
Қасиетті орындар

19 ғасырдың бас кезінде Жем бойында Бекет ата салған жер асты мешіті.