Ақмешіт – Бекет
Қасиетті орындар
0 / 0 пікір
Атырау облысы
Сипаттама

Ақмешіт қорымы. XVIII-XX ғғ. Атырау облысы, Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауыллық округіндегі Ақкиізтоғай ауылының солтүстік-шығысына қарай 28 шақырым жерде орналасқан. Бұл атақты діндар, ағартушы және сәулетші Бекет Мырзағұлұлының (1750-1813 жж.) туып-өскен жері. Ол халықтың ерекше ықыласына бөленген тұлға. 1771-1774 жылдары Бекет ата жерасты мешітін салды, ағарту, рухани және емшілік қызметпен айналысты, балаларды оқытты. Мұнда Бекет атаның әкесі Мырзағұл, анасы Жәния және бауыры жерленген.

19 ғасырдың бас кезінде Жем бойында Бекет ата салған жер асты мешіті. Қатты бор жынысынан қашалған, үш дөңгелек етіп бір-бірімен жалғаса иіліп жасалған төбесі бар бөлмеден тұрады.

Мешітке кіретін жер тар, ұзынша, бірінші бөлменің төбесінде сәуле түсетін тесігі болған. Қабырғаларында қуыстар, оңтүстік-батысында, түпкі жақта михраб орналасқан. Мұндай жарлы-үңгірлі кешендерді Бекет Оғыландыда (өзі жерленген жерде) және Ескі Бейнеу маңында жасаған.

Ембідегі екінші жер асты мешіт – Бекеттің шәкірті Құлшан жасатқан Ақмешіт – Құлшан мешіті. Ол жеке-жеке екі бөлмеден тұрады, оның біреуіне мешіттің негіздеушісі жерленген. Мазарат кішікерім 32 құлпытастан, 2 қойтастан, 2 күмбез кесенесінен және 1 сағантамнан құрылады. 13 құлпытас сәулетшiлiк - сәндiгiн және тарихи-этнографиялық мәндерін білдіреді.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
5 / 1 отзыв
Қасиетті орындар

Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.

5 / 4 отзыва
Қасиетті орындар

ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан.

5 / 1 отзыв
Қасиетті орындар

Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат.

5 / 0 пікір
Қасиетті орындар

Бәйдібек кесенесі, Қасиетті бес ана - тарихи ескерткіштер кешенінің құрамдас бөлігі.

5 / 2 отзыва
Қасиетті орындар

Домалақ ана кесенесі - сәулетті ескерткіш. Қаратаудың күнегей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан.

0 / 0 пікір
Қасиетті орындар

Павлодар облысындағы Баянауыл тауының батыс жағындағы Аққарағай тауының күнбатыс етегіндегі қасиетті үңгір.