Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі
Мәдени мұра
5 / 0 пікір
Павлодар облысы,
N51°08'10,21, E74°56'22,16
Сипаттама

Мәшһүр Жүсіп Көпеев – ғалым, тарихшы, этнограф, философ, керемет білімді болған адам. Ата-анасы қойған есім Адам Жүсіп. Кейінірек, 9 жасқа келген кезде жыр-дастандарды керемет орындаған үшін Баянауыл округінің сұлтаны Мұса Шорманов оны Мәшһүр Жүсіп деп атап кеткен, яғни «Атақты». Осы ат халық арасында таралып кетті.

Ғалым ретінде Көпеев артынан бай мұра қалдырды, өмір бойы М.Ж. Көпеев қазақ даласының тарихын жазып, шежіре қалдырған. Мәшһүр Жүсіп діни білімі терең, рухани байлығы мол адам болған. Адамдар оны қасиетті деп пір тұтып, емделуге оған келетін болған.

Көріпкел ретінде өзінің қайтыс болар күнін алдын-ала білген, 1930 жылы ағайын-туысты жинап, үлкен ас береді, 73 жыл өмір сүретінін, қайтыс болғаннан кейін оған кесене салу керектігін айтады. Кесене орнын өзі таңдап, жобасын өзі салған. Бір бөлмесін өзі үшін, бір бөлмені келушілерге арнап жобалаған. Ұрпақтарына қайтыс болғаннан кейін денесін жерге көмбеуге аманат етті, бір қызығы оның денесі жиырма жыл бойы бұзылмай, киелі де қасиетті жерге айналды.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтың кесенесі Баянауыл ауданы Жанажол ауылына жақын Ескелді деген жерде орналасқан. Географиялық координаттар N51°08'10,21" E74°56'22,16". Қазіргі күнде кесене екі залдан тұрады. Бірі зиратхана, бірі қабырхана. Қабырханада Мәшһүр Жүсіп Көпеев жерленген. Оның үстінде мәрмәрдан жасалған тоғыз тонналық құлпытас орнатылған. Кесенеден 73 баспалдақ төмен түсіреді, яғни Мәшһүр Жүсіптің өмір сүрген жылдарымен сәйкес келтірілген. Кесененің басына көтерілу қиын емес, демалатын орындықтар қойылған.
Объектінің қазіргі инфрақұрылымы өте жақсы дамыған. Кесене маңайында екі қабатты қонақ үй, Мәшһүр Жүсіп мұражайы және ас үйлер салынған. Құрбандық шалатын жерлер де ойластырылған. Мәшһүр Жүсіп кесенесіне әр түрлі елдерден адамдар келіп, тәу етеді, осы жағдай халық санасындағы культтік объектінің киелі мағынасын ашып көрсетеді.

Бүгінгі күнде Павлодар қаласының бас мешіті Мәшһүр Жүсіп есімімен аталыды, сонымен қалалар мен аудан орталықтарында көше атаулары мен ескерткіштер орнатылған.

Библиография:

Көпеев М.Ж. Таңдамалы. Екі томдық. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1990. – 273 б.

Аллаберген Қ. Орта жүз: Арғын – Айдабол тарихы. – Павлодар: ЖШС ҒПФ «Эко», 2015. – 1184 б.

Культурная прогулка. Мавзолей М.-Ж. Копеева [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://e-history.kz/ru/publications/view/3518 - Дата обращения: 20.11.2017.

Павлодарское Прииртышье. Энциклопедия. – Алматы: ЭВЕРО, 2003. – 678 с.

Пікірлер
5 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.