Ақорда (резиденция)
Мәдени мұра
5 / 0 пікір
Ақмола облысы,
51.12573, 71.4463
Сипаттама

Ақорда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.

Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті.

Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40  см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.

Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан.

Бірінші қабатта жалпы ауданы 1800 м2 құрайтын, еденіне гранит төселген салтанатты хол орналасқан.

Екінші қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан.

Үшінші қабатта:

- киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы;

- сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы;

- екіжақты кездесулерге арналған «Алтын» зал;

- камин залы;

- қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан.

Төртінші қабатта:

- қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары;
- Саммиттің Үлкен залы;
- кітапхана;
- кіші Шығыс залы орналасқан.

Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген, люстралар мен жиһаз бар. Едендерге түрлі сортты мәрмәр, гранит тастары және көркем паркет төселген.

Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған.

Пікірлер
5 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.