Әзірет Сұлтан мешіті
Мәдени мұра
5 / 0 пікір
Ақмола облысы,
51.1189, 71.5272
Сипаттама

Хазрет Сұлтан мешіті — Астана қаласындағы орналасқан мешіт. Дәстүрлі ислам стилінде салынған ғибадат үйі Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен «Қазақ елі» монументі сынды айбынды нысандармен іргелес орналасқан. Рухани орын 13 га. жерді алып жатқан аумақта орналасқан, мешіттің жалпы аумағы 17, 7 мың шаршы метрді құрайды. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық ислам үлгісінде орындалған.

2014 жылы Хазрет Сұлтан мешітінің бас имамы болып Серікбай Ораз тағайындалды.

 

Мешіттің ашылуы

Хазрет Сұлтан мешітің құрылысы 2009 маусым айында басталған болатын. 2012 жылдың 15 қаңтар күні мешітте өрт болуына байланысты көктемде ашылуы керек мешіт құрылысы кейінге шегерілді. Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын дамытуға арналған жиналыста Хазрет Сұлтан мешітін салып жатқан құрылыс компаниясына құрылысты 6 шілде күні аяқтауды бұйырды. 2012 жылдың 6 шілде күні Хазрет Сұлтан мешітің салтанатты түрде ашылуы өтті. Ашылу салтанатына ҚР-дың президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

 

Мешіттің күмбезі

«Хазірет Сұлтан» мешіті – Қазақстан бойынша ең үлкен күмбезді мешіт. Оның биіктігі – 51, ені – 28,1 метр. Ал бұл күмбездің жиегіндегі 8 күмбездің әрқайсысының ені 7,6 метр, ал вестибюль күмбезінің ені 15,2 метр. Мешіттің айшықты келбетін 4 мұнара толықтырады. Олардың әрқайсысының биіктігі 77 метр.

 

Сипаттамасы

Имандылық ордасы үш қабаттан тұрады. Әр қабатта ғибадатхана залдары, неке қиюға және дәрет алуға арналған бөлмелер, Құран оқуға және оқу ағартушылық топтың сабақ оқуына арналған залдар, асхана бар. Мешітте ерлерге арналған 4 000 адамдық намаз залы, халыққа қызмет көрсету орны, әйелдерге арналған 1 000 орындық намаз залы, имам, наиб имам, азаншы бөлмелері орналасқан. Сондай-ақ арнайы неке қию бөлмесі, кітапхана сынды қосымша орындармен жабдықталған. Мешіттің алдыңғы жағынан қабырғалары табиғи тастармен әрлендірілсе, темір-бетонды күмбездері металмен көмкеріле өрілген. Жоба жетекшісі Шефик Искендероғлының айтуынша, құрылысқа қажетті материалдар әлемнің 11 елінен жеткізілген. Сондай-ақ, отандық өнімдер де пайдаланылған.

Жоба классикалық ислам стилі мен дәстүрлі қазақ орнаменті және декоративті элементтер қосындысы ретінде құрастырылған.[8] Жалпы құрылыс аумағы 20,6 мың шаршы метрді құрайды.

2012 жылы 15 қаңтар күні Хазрет Сұлтан мешітінде өрт болды. Өрттің салдарынан 1 адам қаза тапты. Өрт көлемі 800 кв. метрді қамтыған.[10] Кейінірек 21 ақпанда сараптама нәтижесі бойынша хабарланғандай өрт себебіт салғырттық, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағандық деп танылды.


Пікірлер
5 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.