Оқшы ата мазары – көне архитектуралық ескерткіш. Шиелі ауданына қарасты 20 разъезде, Жөлек аулынан 7 км жердегі темір жол торабында орналасқан. Күмбезі, құрылысы жағынан Қарасопы, Асан ата мазарларына ұқсас, бірақ көлемі шағындау.
Соңғы жылдары қайта жөндеуден өткен. Мазарға жерленген кісінің шын аты – Ибраһим шайхы, лақап аты – Көгентүп, Оқшы ата – кейін ел қойған есімі. Ә.Қоңыратбаевтың көрсетуінше, Оқшы ата – қару, оқ жасаған оғыз батыры. Кезінде бұл аймақта үлкен шаһар болса, мазардың тұрған жері көне қорым. Архитектуралық жәдігер тарихы 9 – 10 ғасырлардан бастау алып, белгі 15 – 16 ғасырларда салынса керек.
Ал Оқшы ата күмбезіне қатысты аңыз-әпсаналар түрлі заман (оғыз, қалмақ) оқиғаларын қамтиды. Архитектуралық жәдігер туралы мәліметтер В.Каллаур, И.Кастанье, А.Ниязов, Ә.Қоңыратбаев, Т.Қоңыратбаев, т.б. еңбектерінде сақталған.
Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.
19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.
Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.
Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.
Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.