Қараман ата жер асты мешіті – діни ескілікті сәулет өнері ескерткіші.
Қараман ата қорымы Маңғыстау ауданы Шетпе кентінен 35 км қашықтықта, Бекі елді мекенінің батыс жағындағы Қандыбас қырқасына таяу, Қандыбас қыстағының батысынан 5 км жерде орналасқан.
Мешіт құрылысы мен құру әдісі
Мешіт тау шатқалының төменгі қабатынан табиғи үңгірлерді пайдалана отырып, ойып жасалған. Мешіт құрылысы үш бөлмеден тұрады: кіреберісінде бір бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал, үлкен бөлменің төбесі тастан құралған бағандармен бекітіліп шегенделген. Екі бөлменің төбесінен жарық түсетін дөңгелек терезелер ойылған. Қорым мен жер асты мешіті Маңғыстаудағы киелі орындардың бірінен саналады.
Қорғалу статусы
Жер асты мешіті мен қорым 1982 жылы республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған.
Дереккөздер
Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.
ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан.
Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат.
Бәйдібек кесенесі, Қасиетті бес ана - тарихи ескерткіштер кешенінің құрамдас бөлігі.
Домалақ ана кесенесі - сәулетті ескерткіш. Қаратаудың күнегей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан.
19 ғасырдың бас кезінде Жем бойында Бекет ата салған жер асты мешіті.