Масат Ата жер асты мешіті
Қасиетті орындар
0 / 0 пікір
Маңғыстау облысы
Сипаттама

Масат Ата жер асты мешіті – діни сәулет өнері ескерткіші. Зерттеулер нәтижесінде Маңғыстау ауданы Үштаған ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан Масат ата қорымынан 525 ескерткіштер есепке алынған.

Қорымдағы ескерткіштер шамамен 14 – 18 ғасырлар аралығын қамтиды. Бұлар негізінен:

1. Ортағасырлық түрікмен дәуіріне жататын қойтастар,
2. Тас қоршаулар
3. Тас белгілер;

Осы қорымның солтүстік-шығыс жағында 18 – 19 ғасырларды қамтитын қазақтардың ескерткіштері сақталған. Мұнда қойтастардың алуан түрлері көптеп кездеседі. Қорымның оңтүстік-батыс жағындағы жартасты жерден ойып жасалған жер асты мешіті орналасқан. Мешіттің ішкі аумағы төрт қанат киіз үйдей, төбесінде шаңырақ тәрізді ойығы бар. Оңтүстік жағындағы есік қапталынан михраб, қабырғаларынан сөрелер қашалған, кіреберістегі шағын дәлізі Меккеге қарай бағытталған. Төбесіндегі тесік аузы таспен биіктетілген. Мешіттің батыс жағында 3 метрдей қазылған жер орны бар; осыған байланысты бұл құрылыстың екінші бөлігі деген болжам жасауға болады. Мешіт алдындағы тақта тас үстінен суағарлар қашалып, оның тоғысқан тұсынан құдық қазылған. Жер асты мешіті мен қорым 1982 жылы республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған.

Дереккөздер: Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
5 / 1 отзыв
Қасиетті орындар

Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.

5 / 4 отзыва
Қасиетті орындар

ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан.

5 / 1 отзыв
Қасиетті орындар

Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат.

5 / 0 пікір
Қасиетті орындар

Бәйдібек кесенесі, Қасиетті бес ана - тарихи ескерткіштер кешенінің құрамдас бөлігі.

5 / 2 отзыва
Қасиетті орындар

Домалақ ана кесенесі - сәулетті ескерткіш. Қаратаудың күнегей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан.

0 / 0 пікір
Қасиетті орындар

19 ғасырдың бас кезінде Жем бойында Бекет ата салған жер асты мешіті.