Дүзен кесенесі
Мәдени мұра
4 / 0 пікір
Қарағанды облысы
Сипаттама

Дүзен кесенесі – Орталық Қазақстанда 19 ғасырда салынған ғұрыптық ескерткіш. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қаракеңгір өзенінің оң жақ жағалауындағы Қарақұдық сайында орналасқан. Ғимаратты 1863 — 66 жылдары халық шебері Сералы Еламанұлы Дүзен Сандыбайұлының қабірінің басына тұрғызған. Кейбір еңбектерде ғимаратты Қарамола, Жүзден, Дзен, Джузден деп қате жазып жүр. Ғимарат сол жерден 25 шақырымдағы Алаша хан күмбезіне ұқсайды.

Дүзен кесенесінің негізгі көлемі күрделі пештақты-күмбезді текшеленген құрылыс болып есептеледі. Ғимараттың бүрмеленген күмбезі он қырлы мойындықпен көтерілген. Ал іргесінің сыртқы өлшемі 8,5х10,2 м, ішкі өлшемі 5,4х5,4 м. Кірпіштері (26x26x6 см) қалың майбалшық ерітіндісімен өрілген. Пештақтың жалпы биіктігі 10 м. Бас қасбетінде есік ойығы (1,70х0,77 м) алдында беларқалы қуысы бар. Оның айналасы үш жолақты жақтаумен қоршалған. Ортадағы жолақ шаршы өрнектеліп ойылған тақтайша кірпішпен әрленген. Ал қалған 3 қасбетінің қабырғасы “ромб” пішінді қалаумен өрілген.

Қасбеттерінің жоғары жиектерінде биіктігі 60 см дөдегесі бар. Дөдегенің шаршы қалыпты тақтайшалары сегіз қырлы жұлдызбен оюланып, үстінен көк түсті жыланкөз шыңылтырмен көмкерілген. Дөдегеден жоғарғы екі қатар қалауы тіс тәрізді әдіспен өріліп, ең шетін бұғат жиектеп шыққан. Ғимараттың оңтүстік-батыс жағындағы ішкі бұрышта төбеге шығатын сатысы бар. Ол тар галерея (1,8х1,6 м) тәрізді қабырғаларды айнала бойлап барып, пештақтың үстіндегі шағын алаңға және әрі төбежабынның үстіне шығарады. Дүзен Кесенесінің еденіне шаршы тақта кірпіштөселінген. Бүрмелі күмбездің ұшар басында бір-бірімен қиылыса орнатылған ағаш діңгектері бар.

Дереккөздер: Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Пікірлер
4 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.