Үшарал мешіті
Мәдени мұра
0 / 0 пікір
Жамбыл облысы
Сипаттама

Үшарал мешіті — сәулет өнері ескерткіші. Жамбыл облысы Талас ауданынндағы Yшарал ауданында орналасқан. 20 ғасырдың бас кезіндегі көп күмбезді мешіт үлгісінде халық шебері Ислам ұста салған. 1948 ж. Қазақстан Министрлігі Кеңесі жанындағы Архитектураістері жөніндегі ресублика басқарма қызметкерлері мен 1977 ж. Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінің “Қазақ жобалау-қалпына келтіру” институтының экспедициясы зерттеді.

Күйдірілген кірпіштен соғылған мешіттің пішіні төрт бұрышты, ауданы 12,5×10,2 м, биіктігі 3,5 м. Мешіт басты үлкен бөлмеден және сыртқа шығатын есіктері бар 2 қосалқы бөлмеден тұрады. Басты бөлменің барабаны күмбезделіп бітеді. Қосалқы бөлмелер және олармен 3 жағынан ұштасып жатқан ашық галереялар төрт бұрышты бағана-пилондарға орнатылған желкендер арқылы күмбездермен (саны 9) жабылған. Үшарал мешіт 1982 ж. республика маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді.

 

Дереккөздер

1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
2. Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.