
Қарамерген — Іле өзені бойында XII-XIII ғасырда өмір сүрген ортағасырлық солтүстік аймақтағы ірі қала. Қазіргі уақытта ол Алматы облысындағы туристтік нысан ретіндегі шағын қалашық.
Тарихы
Қарамерген Іле— Бақанас өзендірінің маңайында, Балқаш көліне жақын жерде орналасқан.[1][2] Қарамерген Ақтамнан біршама үлкенірек. Ақтам қаласы сияқты Қарамергенде XIII ғасырда моңғол шапқыншылығы кезінде қиратылды. Өзеннің арнасының өзгеруі қаланы қалпына келтіруге кері әсер етті. Қирату мен эрозияға қарамастан, саман үйлердің қалдықтары мен ирригационды жүйе жақсы сақталған. Қалада отырықшылық жақсы дамыды. Бұған қарамастан, тоғайлы ормандарда аңшылық та кең өріс алған (қаланың атауы осыдан шыққан). Бұл аймақта тіпті тұран жолбарыстары да мекендеген. Онымен қоса Іле мен Балқашта балық аулау кәсіпке айналған.
Дереккөздер
1. Қарамергеннің құмсағаты (мақала) — Жетісудің жүз кереметі
2. QIP.RU: почта, поиск, новости, знакомства, работа, игры и развлечения

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.
19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.
Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.


Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.