Жұмағазы хазірет (ХІХ ғ)
Қасиетті орындар
0 / 1 отзыв
Батыс Қазақстан облысы
Сипаттама

Батыс Қазақстан өңірінде «Дәдем ата» деген атпен де әйгілі Жұмағазы хазірет Тәңкеұлы ХІХ ғасырда өмір сүрген дін ғұламасы. Ел аузында сақталған аңызға қарағанда ол Түркістан шаһарында білім алып, Қожа Ахмет Ясауи дүрбесінде имамдық қызмет атқарған. Содан кейін туған жеріне оралып, мешіт-медресе ашып, елге рухани білім таратқан. Әулие дүниеден өткен соң да басынан ел-жұрт арылмайтын зиярат орнына айналған. Бүгінде «Дәдем ата» жеке қоры ресми тіркеліп, зиярат орнында мешіт, қонақ үй салынған.

 

Дәдем ата туралы аңыз

Қазақ халқының тұтастығын сақтап, қай кезде де елді бірлікке шақырған, дінді насихаттай жүріп, өздеріне берілген кереметтің күшін тек елдік үшін жұмсаған әулие-әмбиелер жеткілікті. Сондай аңыз-адамның бірі – Дәдем ата.

Ел ішінде Дәдем ата аталып кеткен Жұмағазы хазірет – XIX ғасырдың басында өмір сүрген діндар адам деседі. Жалпы, туған жері Батыс Қазақстандағы Жалпақтал өңірі болғанымен мазары Сырым ауданының Шолақаңқаты ауылдық округінің аумағында орналасқан. Жұмағазы хазірет тама руынан шыққан, қазіргі Сырым ауданына қарасты Алғабас ауылдық округі маңындағы Тамасай деген жерді мекен еткен. Әулие төрт рет қажылық сапарына барып келген, ислам дінін берік ұстанған және кереметке ие адам болған екен. Заманының көреген тұлғасы Дәдем ата орта жастан ауған тұсында болса керек, ауыл-елінің жағдайын алыстан ойлап, Тамасайды жылқы бағуға қолайлы жер санапты. Сөйтсе, патша үкіметінің жергілікті өкілдері жерді қарапайым ғана қазақтың шалына бере қоймапты. Әулие ұсақ шенеуніктермен салғыласып жатпай, Ресей патшасына тікелей жолығуға барған екен. Жергілікті қариялардың айтуы бойынша Дәдем атаға алыс жол дүйім емес көрінеді. Бүтін бір Ресейдің патшасы да оңай адам ба, бірінші күні қабылдамай жіберіпті. Ертеңіне патша жанындағыларға: «Әлгі шалды алдырыңдар, тегін адам емес екен, түнімен ұйқтай алмай шықтым» депді. Сөйтіп, Дәдем ата Тамасайды алып, ұзақ жыл осы жерде жылқы бағумен айналысады. Жалғыз шал баққан жылқыға көз алартушылар да көп болған екен. Бірде Ақберлі руынан шыққан барымташы, сотқар жігіттер тастай қараңғы әрі тұманды түнді пайдаланып қарияның жылқысын айдап кетпек болады. Жылқыны түн ауа дүркірете қуып ала жөнелген жігіттер таң ағарғанша тоқтамапты. Таң қылаң бере алдынан аттылы Ата күтіп алғанда жігіттер жан-жағына қараса, түні бойы Тамасайды айналып жүре берген екен. Атаның құдіретіне әбден көзі жеткен тентектер аяғына жығылып кешірім сұрапты. Содан кейін әулиенің жылқысына ешкім жақындамайтын болыпты.

Жұмағали хазірет өзі мекен еткен өңірде дүние салған. Артында қалған қауым атаның әруағын сыйлап, басына мазар орнатқан. Кейіннен жергілікті халық атаның басына арнайы келіп тәуеп етуді дәстүрге айналдырды. Кешегі кеңес заманы тұсында Жымпиты ауданына қарасты Правда совхозының әйгілі директоры В.Шубин осы дәстүрді елемей, әулие жатқан өңірге егін егіп, мол өнім алуды ойлапты. Дін апиын саналған қызыл идологияның кезінде мол пайдаға қарық болуды ойлаған Шубиннің талпынысы сәтті болмай, жер жыртуға жіберген су жаңа техниканың бірінің дөңгелегі жарылып, бірі оталмай, бірі сынып, жұмыс алға баспай қойыпты. Мұның себебін ауыл қарттары директорға: «Бұл жерде әулие Дәдем ата жатыр, егер ойлағаныңды іске асырғын келсе алдымен басына құрбан шалып, құран оқыт, Атаның ризашылығын ал» деп түсіндірген екен. Сөйтіп, Қазақ КСР-індегі алдыңғы қатарлы совхоз директоры Шубиннің өзі Дәдем атаның кереметін мойындап, жыл сайын басына құрбан шалып, құран бағыштауды әдетке айналдыған екен. Есесіне егіні бітік шығып, ел нанға тойыпты.

Ақылбек Есеналин,
Ащысай мектеп-балабақшасының тарих пәні мұғалімі,
Батыс Қазақстан облысы

Пікірлер
0 / 1 отзыв
пікір қалдыру
Сонымен қатар
5 / 1 отзыв
Қасиетті орындар

Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.

5 / 4 отзыва
Қасиетті орындар

ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан.

5 / 1 отзыв
Қасиетті орындар

Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат.

5 / 0 пікір
Қасиетті орындар

Бәйдібек кесенесі, Қасиетті бес ана - тарихи ескерткіштер кешенінің құрамдас бөлігі.

5 / 2 отзыва
Қасиетті орындар

Домалақ ана кесенесі - сәулетті ескерткіш. Қаратаудың күнегей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан.

0 / 0 пікір
Қасиетті орындар

19 ғасырдың бас кезінде Жем бойында Бекет ата салған жер асты мешіті.