Тарбағатай мемлекеттік табиғи қорығы
Ұлттық парктер мен қорықтар
0 / 0 пікір
Шығыс Қазақстан облысы
Сипаттама

Тарбағатай мемлекеттік табиғи қорығы — 10 жылға арналып 1968 жылы құрылған. 1978 жылы қызмет мерзімі келесі 10 жылға ұзартылды. Облыстық мәні зор. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан және Тарбағатай аудандарының 240 мың га жерін алып жатыр. Маңырақ жотасының далалық бөлігі мен Шелекті алқабының солтүсті бөлігінде орналасқан. Қорықшаның жерін Қосты, Қызыл қайыңды, Қандысу, Қарасу және т.б өзендер кесіп өтеді.

Қорықшаның флорасы мен фаунасы

Таудың ортаңғы белдеуінде бетеге аралас, астық тұқымдас өсімдіктер, тау етегінде жусан, бетеге аралас көптеген шөп түрлері өседі. Шатқалдар мен тау баурайында бұта мен ағаш, атап өтсек: зерек, итмұрын, үшқат, қараған, тал, мойыл, көктерек. аққайың шоқтанып, жанданып тоғайға айналған. Қорықшада Қызыл кітапқа енгізілген жолақ қарашұбар жылан, дуадақ, ақбас тырна, дала бүркіті, қарабауыр бұлдырық, лашын, ителгі, бүркіт, қарақұс, арқар, қоян, суыр, елік, құр, сұр шіл, кекілік, үкі мекендейді.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ

5 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Қазақстанның ең жас, аса қорғалған табиғи территориясы.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Қаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан мемлекеттік қорық.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Қазақтың Сарыарқа даласының құрамына кірген Бурабайдың жер бедері орташа таулы алқапты болып келеді.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағында 2001 жылы ұйымдастырылған саябақ.