42.9324, 78.4068
«Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық табиғи саябағы – Қазақстанның ең жас, аса қорғалған табиғи территориясы.
Парк 2007 жылдың 7 ақпанында №88 Қазақстан республикасының Үкіметі Қаулысы негізінде құрылған. Жалпы ауданы – 161045 га. Территорияның 72 % -ы қорықтық аумақ, ал 13 % -ы рекреация мен туризм аумағы болып табылады.
Ұлттық парк территориясы Алматы облысындағы Райымбек және Талғар аудандары шекарасындағы бірыңғай массивтен құралған. Табиғи-географиялық белгісіне қарай Парк шығыс Күнгей Алатауының солтүстік макрожартасына жататын Тянь-Шань тауы жоталарының солтүстік-шығыс беткейінде орналасқан.
Табиғи аудандандыру бойынша – бір қалыпты белдеулі, шөлді ландшафты аймақ.
Парк шекарасының солтүстігі орман қорымен шекаралас. Оңтүстікте жота айырығында Күнгей Алатау өтеді. Территорияның солтүстігінде орман шаруашылығы Кеген ММ-сінің Жалаңаш орман шаруашылығы мен Райымбек ауданының жер қоры орналасып, оңтүстікте Қырғызстан Республикасының шекарасымен тұйықталады.
Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800—3500 метр биіктікте көлдер шоғыры, бай өсімдік және жан-жануар әлемі бар, бірегей ландшафт орналасқан. Табиғаттың тиісілмеген жеке аумақтары да сақталған.
Ұлттық парктың көркем жерлерінің бірі – Көлсай өзені мен Шелек өзені тармағында, сұлу шатқалда орналасқан Көлсай көлдері. Бұл көлдерді «Солтүстік Тянь-Шаньның маржандары» деп атайды. Көлдер 1887 және 1911 жыдары Қайыңды және Көлсай өзендері салдарынан пайда болған. Жоғарғы Көлсай көлі теңіз деңгейінен 2650 метр биіктікте, ені – 190 метр, су айнасы ауданы – 180 мың метр, ең терең жері – 24 километр.Орта Көлсай көлі қисық дөңгелек пішінді және теңіз деңгейінен 2250 метр биік орналасқан. Оның ұзындығы – 1150 метр, ені – 298 метр, ең көлемді жерде оның ұзындығы 800 метрге жетеді, су айнасының ауданы – 343 мың шаршы метр, тереңдігі – 57 метр. Төменгі Көлсай теңіз деңгейінен 1800 метр биіктікте орналасқан. Пішін бойынша көл өзеннің ағуына бағытталған. Оның ұзындығы – 1500 метр, орталық ені – 222 метр, су айнасы ауданы 33 мың шаршы метрді құраса, тереңдігі 37 метр.
Жалпы алаңы: 161,045 мың га.
Өсімдік және жан-жануар әлемі түрлерінің саны:
сүтқоректілер – 29;
құстар –197;
бауырымен жорғалаушылар –2;
қосмекенділер –2;
балықтар –2;
өсімдіктер – 704.
Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Қаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан мемлекеттік қорық.
Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
Қазақтың Сарыарқа даласының құрамына кірген Бурабайдың жер бедері орташа таулы алқапты болып келеді.
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағында 2001 жылы ұйымдастырылған саябақ.
Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарында орналасқан мемлекеттік парк.