49.1659, 85.6069
Катонқарағай ұлттық табиғи паркі - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағында 2001 жылы ұйымдастырылған саябақ. Ауданы 643 мың га, оның 215 мың га-сы орманды алқап, ағаштарының қоры – 24 мың м³, қорықтық аймақ жері 151 мың гектар. Саябақтың пайдаланылатын аумағы – 492 мың га.
Географиялық орны
Солтүстігінде Қызылқарағай және Қатын жотасына ұласа отырып, Ресеймен шектеседі. Шығысында Үкек даласымен (Ресей, Алтай Республикасы) және Қытаймен, оңтүстігінде Темірқаба өзенін бойлай Марқакөл қорығымен шектеседі.
Биіктік аймақтары
Саябақ жері 4 табиғи биіктік аймаққа бөлінеді:
нивальды - теңіз деңгейінен 2800 м биік;
тундра-шалғынды - теңіз деңгейінен 2000-2800 м биік;
таулы-орманды - теңіз деңгейінен1200-2300 м биік;
орманды-шалғынды-далалы - теңіз деңгейінен 900-1200 м биік.
Жер бедері
Жер аумағының ¹/³-ін қалдық қылқан жапырақты орманы басым орманды ландшафт алып жатыр. Теңіз деңгейінен 4506 м биіктікте орналасқан Сібір мен Алтайдың ең биік шыңы - Мұзтау, одан шығатын Қызылқарағай жотасының тізбегі мен Бұқтырмамен Берел (Бергіел) өзенаралық биік тауы кіреді. Әріректе Оңтүстік Алтай (ең биік нүктесі Жаңғыртау тауы - 3871 м), Тарбағатай(Хрустальная тауы - 3094 м) және Сарымсақты жотасы (Бүркітауыл тауы - 3373 м) көрінеді.
Ұлттық бақ жерінде Мұзтаудағы (Қатын жотасы) Ақ Берел қайнар көзі мен Оңтүстік Алтай жотасының шығыс шеті орналасқан. Берел қайнар көзінде 30-дан астам мұздық кездеседі.
Саябақ жері табиғат және мәдениет ескерткіштеріне бай. Тархан геологиялыққимасы, Рахман бұлағы, мәдени-тарихи ескерткіш болып табылатын Берел сақ қорғаны мен Көккөл кеніші, Ұлы Жібек жолының солтүстік алтын тармағы, марал шаруашылығыорналасқан.
Саябақ жерінің көп бөлігін Бұқтырма өзенінің алабы, оңтүстік бөлігін Қарақаба өзені алып жатыр. Мұнда кең су арнасы 80м биіктіктен құлайтын Көккөл сарқырамасы, Арасан, Қара Берел, Рахман көлдерінің сарқырама тармақтары бар.
Климаты,өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты тым континеттік. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 600-1800 мм аралығында.
Саябақтың жері жануарлар мен өсімдіктер түріне бай:
* сүтқоректілердің 72 түрі, оның ішінде марал, бұлан, таутеке, аю, сілеусін, құну, т.басқалар;
* құстардың 250-ден астам түрі кездеседі. Соның ішінде сирек кездесетін, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ұлар, қара дегелек, т.б. құстар;
* саябақ жерінде самырсын, балқарағай, қарағай, шырша, қайың, мойыл, терек өседі. Өте сирек кездесетін, жылдан жылға таралу аймағы азайып бара жатқан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 40-тан астам өсімдік түрлері (алтын тамыр, алтай рауғашы, марал тамыр) кездеседі.
Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ
Қазақстанның ең жас, аса қорғалған табиғи территориясы.
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Қаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан мемлекеттік қорық.
Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
Қазақтың Сарыарқа даласының құрамына кірген Бурабайдың жер бедері орташа таулы алқапты болып келеді.
Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарында орналасқан мемлекеттік парк.