«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Ұлттық парктер мен қорықтар
0 / 0 пікір
Ақмола облысы,
51.3326, 73.3402
Сипаттама

Орталық Қазақстан үстірті бірегей дала экожүйелерін сақтау мақсатында 2011 жылдың 11 наурыз Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 247 Қаулысымен «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи бағы құрылды.

Қазақстан ұлттық бақтарының қатарына он екінші ұлттық бағы болып, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Орман және аң шаруашылығы комитеті «Жасыл Даму 2011-2014» бағдарламасы ауқымында БҰҰДБ/ГЭҚ «Далалық экожүйелерді сақтау мен орнықты басқару» Жобасының қолдауымен құрылды.

Жаңа құрылған «Бұйратау» ұлттық бағы шамалы құрғақ пен құрғақ жерлер суб-зоналар арасында ауыспалы белдікте орналасқан және бұл аумақтың қайталанбас мәні далалы жерлер мен орманды жерлердің (қайың, қыршаңқы) үйлесіп келуінде. «Бұйратау» бағы Ақмола облысы Ерейментау ауданы (60814 га) мен Қарағанды облысыОсакаров ауданы (28154 га) аумағында орналасқан. Оның жалпы ауданы 88 968 га.

«Бұйратау» ұлттық бағының флористикалық құрамында 450 түрден астам жоғарғы тамыр өсiмдiктерi бар. Мұнда ботаникалық географиялық тұрғыдан маңызы бар Орталық Қазақстан Үстіртінің ерекше флорасының бестен бір бөлігі сақталады. Флораның құрамында қандыағаш, қырыққұлақ, қалампыршөп, көктем жанаргүлі, жаушымылдық, жабысқақ мысықот, Геснер қызғалдағы сияқты сирек кездесетін және ареалы шектеліп жатқан 30-н астам түрлер кіреді.

Бақтың фаунасына 5 топ және 15 тұқымдастарға жататын сүтқоректілердің 45 түрі кіреді, бұл Қазақстан таксондары санының сәйкесiнше 71 % және 39 %-н құрайды. Бақтың аумағында Қазақстанның таулы өлкелерін мекен ететін басқа популяциялардан жекеленген және саны 200-ге жететін арқардың Ерейментаулық популяциясы мекен етеді. Сонымен қатар соңғы жылдары саны 100-ге жететін маралдың акклиматизациясы жөнінде жұмыс ойдағыдай жүргізіліп жатқандығын атап өту керек.

Ұлттық бақтың орнитофаунасы құрамына құстардың 227 түрі кіреді (барлық орнитофаунаның 46 %-ы), олардың iшiнде 127 ұялайтын құстар қатарына жатады. Орнитологиялық кешендер қатарынан далалы, бұталы, петрофилді, орманды, шабындық және сулы-батпақты кешендер басым. Бақтың аумағында Қазақстанның Қызыл кiтабына енген жалбағай, сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, кәдімгі тұрпан, дала қыраны, тазтырна, дуадақ, безгелдек, тарғақ, үкі сияқты ұялайтын құстардың 13 түрі кездеседі. Сондай-ақ Қызыл кітапқа енген шыбын-шiркейдiң 17 түрі бар.

"Бұйратау" бағының құрамына оған аттас болатын жергілікті маңызы бар табиғи бақ және республикалық маңызы бар Белодымовск пен Ерейментау атты мемлекеттік табиғи қаумалдар қосылды. "Бұйратау" бағы Теміртау мен Ерментау орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қорының жерінде құрылған. Оның орталық кеңсесі Қарағанды облысы Молодежный ауылында орналасады. Қызметкерлердің жалпы саны 94 адам.

Қазіргі кезде 25 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар ішінде далалы жерлер «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватында, «Наурызым» және «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорықтарда (шамалы құрғақ жерлер суб-зонасы), Баянауыл (құрғақ бетегелі дала суб-зонасы) және Қарқаралы (орманды дала) мемлекеттік табиғи бақтарында қорғауға алынған.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ

5 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Қазақстанның ең жас, аса қорғалған табиғи территориясы.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Қаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан мемлекеттік қорық.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Қазақтың Сарыарқа даласының құрамына кірген Бурабайдың жер бедері орташа таулы алқапты болып келеді.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағында 2001 жылы ұйымдастырылған саябақ.