Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Ұлттық парктер мен қорықтар
0 / 0 пікір
Қарағанды облысы,
49.4159, 75.4235
Сипаттама

Қарқаралы ұлттық табиғи саябағы — Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы таулы-орман ландшафты. Табиғаттың бірегей нысандарын қорғау, саяхатты дамыту және халық демалысын жақсарту мақсатында 1998 жылы құрылған. 2009 жылы аумағы 90,3 мың га-дан 112 120 га-ға дейін кеңейтілген.

Географиялық орны мен сипаты

Сарыарқның Қарқаралы және Кент тауларындағы дала өсімдіктері мен қарағайлы орман өскен аймағын алып жатыр. Бұл аймақта бұрын биік таулар болатын, уақыт өте бұзылып, көптеген ұсақ шоқылар мен адырларға бөлініп кеткен. Олардың биік беткейлері қатты өзгеріске ұшырап, жартасты шыңдары терең сайлармен және аңғарлармен бөлінген. Көп жерлерде гранитті тақталар жалаңаштанған. Тау сайларынан бұлақтар басталып, шағын өзендер бастау алады. Қарқаралы тауларында Қарқаралы, Қопа, Аюшат, Қаракеңгір, Кент тауында Қызылкеніш, Қадырөзендері, Шайтанкөл, Бассейн, Үлкенкөл, т.б. көлдері бар. Шағын суқоймалары, суға толы гранитті жартас шұңқырлар кездеседі.

Климаты және топырағы

Аймақтың ауа райы континентті, күн сәулесі көп түседі. Жауын-шашынның орташа мөлшері 250-300 мм, жазғы жауын-шашын қысқы уақыттан басым және жазда жиі құрғақшылық болып тұрады. Қаңтар айының орташа жылдық ауа температурасы -14,4°С, шілдеде 18°С.
Қарағайлы орман төсемесінде қоңыр түсті орман және шымды-күлді таулы орман топырағы қалыптасқан.

Фаунасы мен флорасы

  • Тұяқты жануарлардан - сібір елігі, бұлан, арқар.
  • Жыртқыштардан - қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, ақкіс, т.б; ақ қоян, дала шақылдағы.
  • Кеміргіштерден - дала суыры, қызылұрт сарышұнақ, үлкен және секіргіш қосаяқтар, тоқалтіс пен қаптесердің оннан астам түрітаралған. Доңыз бен марал, ақшыл тиін жерсіндірілген.
  • Құстардан - маубас жапалақ, байғыз, үкі, бақалтақ қыран, тұрымтай, кәдімгі және дала күйкентайы, ормандарда үлкен шұбар тоқылдақ, ақшыл қанат сайрауық, т.б;
  • Бауырымен жорғалаушылардан - секіргіш кесіртке мен өрнекті қарашұбар жылан, сирек жағдайда көк кесіртке, қалқантұмсық жылан, т.б. кездеседі.

Саябақта кездесетін аңның 40, құстың 114, өсімдіктің 66, балықтың 8 түрі қорғауға алынған. Олардың ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген аңдар - арқар, сабаншы; құстардан бүркіт, ақбас тырна, ақбас үйрек, балықшы тұйғын, безгелдек, қара дегелек, қытай қазы; өсімдіктерден қара қандыағаш, Фукс сүйсіні, қызыл қайың, Қарқаралы бөріқарақаты мен сылдыршөбі, кәдімгі қырыққұлақ, Сібір қисық бұтасы, қауырсынды селеу және мүктің бір түрі - тегіс сфагнум, т.б. бар.
Эндемик өсімдік түрлерінен - Қарқаралы бөріқарақаты мен сылдыршөбі, үшкір сала сиякөк, Қарқара бидайығы, салалы таспашөп, Қарқаралы рэгнериясы өседі.

Белдемдері

Саябақ үш белдемнен тұрады:

  • қорықтық белдем - Кент тауларын қамтиды. Мұнда таулы-орманды алқаптың төл табиғаты бастапқы қалпында сақталып, қорғалады;
  • рекреациялық белдем - Қарқаралы тауларын қамтиды. Мұнда табиғатты қорғаумен қатар туристік, сауықтыру шараларыұйымдастырылады;
  • эндемиктік белдем - тек қана осы саябақта тіршілік ететін жануарлар, сондай-ақ бірегей табиғат нысандары қорғалады.

Саябақ аумағында шаруашылық әрекеттерге тыйым салынған.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ

5 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Қазақстанның ең жас, аса қорғалған табиғи территориясы.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Қаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан мемлекеттік қорық.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Қазақтың Сарыарқа даласының құрамына кірген Бурабайдың жер бедері орташа таулы алқапты болып келеді.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағында 2001 жылы ұйымдастырылған саябақ.