«Көкшетау» ұлттық табиғи саябағы
Ұлттық парктер мен қорықтар
0 / 0 пікір
Ақмола облысы,
52.9493, 69.1235
Сипаттама

«Көкшетау» — ұлттық табиғи паркі, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарымен Айыртау мен Зерендіаудандарының ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және демалыстық бағалы аймағында бірегей табиғикешенді сақтау және қалпына келтіру мақсатымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.04.96 қаулысы негізінде құрылды.

«Шиелі» шоқысы

Зеренді көлі Зеренді тауларының солтүстік-шығыс беткейінде орналасқан. Негізгі географиялық пункттердің атауы: Орман алаңы – «Қабан» бұлағы – «Шиелі» шоқысы - «Тоқылдақ асханасы» - «Танк» шоқысы - «Қыздың көз жасы» шоқысы - «Қабан» жылғасы» - орман алаңы. Көлдің түбі тегіс, құмды, малталы және қойтасты болып келеді. Зеренді ауылының маңында, солтүстік-шығыс жағалауында, жағажай үстінде қызықты рельеф құрайтын граниттердің шығуы байқалады, ол алыстан дәу жағажайға ұқсайды. «Қыздың көз жасы» шоқысына қарай жалғасады. Аңыз бойынша, бұл шоқының басында, қыз өзінің ғашығына, үйленген жігітке бола жылаған. Олардың махаббаты қысқа да, жарқын болған. Келер ұрпаққа ескерткіш ретінде кішкентай шұңқыр қалған. Оның бір қызығы, бұл шұңқыр әркез, ыстық және құрғақ күндері де суға толы болады.

«Дәу саңырауқұлық»

Орман соқпағының оң жақ бойында «Құпия» бұлақ орналасқан.Бұлақтан жоғарылаған сайын «Қоян туннел» тасты үңгіріне тап боласыз. Егер осы үңгірді ай толған күні 4 рет сағат бойымен айналып өтсең, онда өзіңнің сүйгеніңді кездестіресің деген қыздардың арасында сенім бар. Кейін әдемі «Тақар» шоқылар алаңқайына көтерілеміз. Бұл ағашы жоқ, бірнеше жалаңаш шыңдар. Оқушылардың мұнда көбіне тобылғы және шөптесін өсімдіктер кездестіріп,зерттеуге мүмкіншіліктері бар. Соқпақ ландшафтты табиғи ескерткіш «Дәу-саңырауқұлаққа» апарады. Бұл тас саңырауқулаққа ұқсайды.Оқушылар бұл жерде өсімдіктерді зерттеумен айналыса алады. «Дәу саңырауқұлақ» тасында демалуға отырған қарағай таң қалдырады. «Пасть акулы» тасының бір саңылауына басыңды сұқсаң, сыбыр, толқын айқайын және жүрек дүрсілін естуге болады, ал үстінгі таста, үлкен жүрекке ұқсайтын орын бар.

«Қашқын» шоқысы

Соқпақ созылып жатқан аралас орманнан (қарағай, терек, қайың) өтеді. Кейін «Шиелі» шоқысына жетеміз. Бұл жерден Зеренді көлі мен орманына әсем мәнзара ашылады. Көлдің түбі тегіс, құмды, малталы және қойтасты болып келеді. Судың құрамы мен көл жағасында өсетін өсімдіктерді зерттеп,білуге болады. Кейін соқпақтың соңғы нүктесі – «Қашқын» шоқысына жетеміз. Шоқыға шығып болған соң, сіздер орман алабының әсем мәнзарасын, Зеренді көлін, «Көк мүйіс» жартылай аралын, «Аю» шоқысын көре аласыздар. Шоқыдан түскен соң, ұзындығы 19 шақырым «Австрииялық қабырға» тасына келеміз. Бұл жерде оқушылардың тарихи мағлұматтарды алу мүмкіншіліктері бар,себебі ол 1914-1917 ж.ж. тұтқындағы австриялықтармен салынған жермен тікелей байланысты.Ол мемлекеттік және шіркеулік ормандық алқаптарын бөліп тұрады.

«Аю» шоқысы

Сапар желісі оңтүстік-батыс автожолындағы қарағайлы орманда орналасқан «Сұңқар» сауықтыру кешені бойындағы орман алаңынан басталады. Кейін «Қабан» бұлағына тіреледі де, оң жаққа бұрылады. Соқпақ қылқанды және жапырақты орманды шекарасынан өтіп, 1,5 шақырымнан кейін «Қасиетті» бұлаққа жетеміз. Бұл таң қалдыратын ерекше дәмі бар, қасиетті қайнар бұлақ. Бұл бұлақ жыл бойы істеп тұрады. Күштілігі сондай, бұлақ түбінде қайнап жатқан құм, қыс мезгілінде су құбырының жарылғанын естігендей әсерде боласың. Бұлақ жанында желдің күшімен құлап қалған, дем алуға ыңғайлы құдыретті қарағай өсіп тұр. Оқушылар «Қасиетті» бұлақтың басында тынығып, судың дәмін татып та көре алады. . «Аю» шоқысы шыңынан бұл жердегі керемет Балқаш тауларын, Айдабұл, Қарағайлы, Шымалды көлдерін, сфагнум батпағын тамашалауға болады. Оның шетінде тастан қаланған және қырыққұлақпен қапталған «Ежелгі адам мекені» орналасқан. Оны – «Қарлы адам үйі» деп те атаған.

«Григорьев тоғаны»

Соқпақ қиылыс орнында аралас орман арасынан өтеді және ғажайып «Сфагновый батпағына» әкеледі. Батпақ біздің жерімізде сирек кездеседі, ал сфагнум мүгінің бары оны таңғажайып күйге бөлейді. Батпақтың басқа атаулары «Лебяжье» және «Агофьино». Ерте кезде мұнда Зеренді ауылынан бір нәрсе бүлдірген Агофия казак қызы қашып кетеді, ол қайтыс болады. Батпақтан осы уақытқа дейін оның ауыр тынысы естіледі.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ

5 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Қазақстанның ең жас, аса қорғалған табиғи территориясы.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Қаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан мемлекеттік қорық.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Қазақтың Сарыарқа даласының құрамына кірген Бурабайдың жер бедері орташа таулы алқапты болып келеді.

0 / 0 пікір
Ұлттық парктер мен қорықтар

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағында 2001 жылы ұйымдастырылған саябақ.