«Орман ертегісі» (Лесная Сказка) демалыс орны
Демалыс орындар
0 / 0 пікір
Алматы облысы
Сипаттама

«Орман ертегісі» деп еуразиялық этно-мәдени паркі –  аумағы бес жарым гектар жерді алып жатқан, көп қызметті, табиғи шипажай.

Курорт орны Ой-Қарағай тау шатқалында, биіктігі теңіз деңгейінен 1650 метр жоғары болатын табиғи ордада қанатын жайған. Ол - Алматы қаласынан небәрі 40 минуттық жол.

Ұйымдастырушылар бізге барлық жағдайды қарастырып, көңіл-күйімізді аспанға бір шарықтатты. Қатысушылар 4 топқа бөлінді. Әр топ алдына қойылған тапсырмаларды кезектесе орындады. Жарыс аяқталғаннан кейін үздік деп танылған команда белсенділері арнайы сертификатпен марапатталды.

Ал енді "Орман ертегісі" еуразиялық этно-мәдени паркі туралы қысқаша мәлімет ұсынамыз.

Мекендеу:

- Көлемі 10 адам сыятын, жабдықталған қос деңгейлі 4 VIP-шале;
- Екі адамдық люкс, жартылай люкс, стандарт люкс коттедж қалашығы;

Қос деңгейлі VIP шалелер табиғаттың әсем көркімен үйлесе отырып, таудың биік бөктерінде орналасқан. Сіздер керемет демалыс науқанын өткізу үшін үйде 5 жатын бөлмесі, алауошақ залы, жабдықталған ас, демалыс бөлмелері, сауна, тауға қараған тамаша террасса бар. Алып сарай еуропалық үлгідегі бай интерьерлік құралдармен жасалып, ерекше талғаммен істелген. Барлық құрылыс материалы экологиялық таза заттардан соғылған.

Тамақтану:

- «Ақ ауыл» киіз үй мейрамханалары;
- 70 адамға арналған грузиялық «Чашнагири» мейрамханасы;
- 100 адамдық кофехана (кішкентай балақайларға да ас ішетін орын қарастырылған).

Қазіргі таңда  Гиннесс рекордтар кітабына кірген ең үлкен киіз үй буряттарға тиесілі. Ұлан-Уде қаласында тігілген баспананың диаметрі 16 метр және ауданы 200 шаршы метр. Мұны «Орман ертегісі» шипажайы жоққа шығармақшы. Себебі олар көлемі 320 шаршы метр болатын 180 адамға шамаланған ірі киіз үй салды. Енді киіз үйді тек Гиннесс рекордтар кітабына тіркеу ғана қалып отыр. Парк басшыларының айтуынша, шипажайдан ұлттық дәстүрдің жұпар иісі аңқып, қазағымыздың қонақжайлылығы бірден көрінуі тиіс.

Жазғы аттракцион

Тауға өрмелеу

  • Виа-феррата (спортшылар үшін нағыз тартыс алаңы);
  • Қиындығы бойынша әр деңгейлі 13 бағыт;
  • Бүлдіршіндерге арналған толық қауіпсіздендірілген 2 бағыт;

Арқан жіппен тартылған «Орман ертегісі» аттракционы

  • 7 бағытты нұсқайтын әртүрлі деңгейлі ересектер жолы;
  • Бүлдіршіндер бағыты (3-6, 7-11, 12-ден жоғары жас);
  1. «Ой-Қарағай» супер-троллейі
  2. Пейнтбол
  3. Рафтинг

Қысқы аттракцион:

  • Баллонмен сырғанау (Snowtubing);
  • Тау шаңғылық жоларна;
  • Мұз айдыны:

Балалар мен ересектерге арналған тау шаңғы

  • Шаңғы;
  • Сноуборд;
  • Жалға алу құрал-жабдықтары;

Атқа міну орталығы

  • Жылқыға отыру сабақтары;
  • Жергілікті орында жылқымен серуендеу;
  • Ат күймесімен серуендеу;

Арнайы тур жасау ұсыныстары

  • Жаяу серуендеу (треккинг);
  • Экскурсиялық бағдарламалар;

Корпоративтік іс-шаралар

  • Конференция;
  • Ұжымдылықты жақсарту шарасы;
  • Демалыс турлары;
  • Белсенді тынығу;

Инфраструктура:

  • МЕЙРАМХАНА КЕШЕНІ
  • «Қызықты шытырман оқиға саябағы» АТТРАКЦИОНЫ
  • СУПЕР-ТРОЛЛЕЙ «ОЙ-ҚАРАҒАЙ» АТТРАКЦИОНЫ
  • «Жартасқа шығу саябағы» АТТРАКЦИОНЫ
  • ТРЕККИНГ
  • ПЕЙНТБОЛ және АТПЕН СЕРУЕНДЕУ
  • ТАУШЫҢҒЫ ТРФССАСЫ. МҰЗ АЙДЫНЫ
  • ЭТНО –SPA «УМАЙ»
Мекен-жайы: Бесқайнар ауылы, Талғар ауданы, Ой-Қарағай шатқалының төмен жағы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы.

Телефон:

+7 (727) 312 000 8 (вн. 6778)

+7 (702) 218-33-45

+7 (701) 766 66 71 

Электронды пошта: info@skazka.kz, sales@skazka.kz
Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Демалыс орындар

"Сары Бұлақ" демалыс базасы және қонақ үйі жұрт көзінен қашық жерде, Щучинск және Бурабай курортты аумағының экологиялық ең таза бұрыштарының бірінде орын тепкен.

0 / 0 пікір
Демалыс орындар

"Борок" демалыс орны Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан.

0 / 0 пікір
Демалыс орындар

«Кендірлі» демалыс аймағы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының оңтүстігіне таман 70 шақырымда орналасқан Каспий теңізінің Қазақ шығанағы аумағында.

0 / 0 пікір
Демалыс орындар

«Громотуха» демалыс орны Риддер қаласынан 10 шақырым жердегі қарағайлы орманның түбінде, яғни Шығыс Қазақстан тас жолынан бір шақырым жерде орналасқан.

0 / 0 пікір
Демалыс орындар

Демалыс кешені спорттық-сауықтыру және ойын-сауық орталығы саналады.

0 / 1 отзыв
Демалыс орындар

Самал – көлдің жағасында, Қарағандыдан оңтүстік – шығысқа қарай 218 км, Қарқаралы қаласынан 15 км жерде орналасқан.