«Громотуха» демалыс орны
Демалыс орындар
0 / 0 пікір
Шығыс Қазақстан облысы
Сипаттама

«Громотуха» демалыс орны Риддер қаласынан 10 шақырым жердегі қарағайлы орманның түбінде, яғни Шығыс Қазақстан тас жолынан бір шақырым жерде орналасқан. Ол 2001 жылы ашылған. 14 ағаш үйі мен 180-200 жатын орны, монша, фитобөшке, спорттық алаңдар, фонтан, бассейн, жаздық бунгало, медпункты бар бұл мекенде сіз естен кетпес демалыс күндерін өткізе аласыз.

Батыс Алтайдың бауырындағы Риддер қаласынан өтіп, қалың тай­гаға сұғына түскенде алды­ңыздан «Громотуха» атты демалыс базасы көрінеді. Осы туристік орталыққа келушілердің назары алдымен екі ит сүйреп жүрген шанаға ауа­тыны рас. Әдетте, ит жеккен сырғымаларды біз Сі­бірде тұратын халықтар туралы деректі фильм­дерден ғана көретінбіз. Мұ­ның да содан айырмасы жоқ. Өйт­кені, Аляска мала­муттары адам отырған шананы алшаң баса сүй­рейді. Аляска маламуттары де­мек­ші, бағзыда мәңгі қар басқан мекенде эскимостар қолға үй­реткен қасқыртектес тұқымды қызыға тамашаладық. Бөріге туыс­тығы үрмейтіндігі мен түр-түсінде сияқты. Негізінен тірсекті, мығым келетін бұл тұқым адамдарға өте үйірсек болады екен.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Демалыс орындар

"Сары Бұлақ" демалыс базасы және қонақ үйі жұрт көзінен қашық жерде, Щучинск және Бурабай курортты аумағының экологиялық ең таза бұрыштарының бірінде орын тепкен.

0 / 0 пікір
Демалыс орындар

"Борок" демалыс орны Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан.

0 / 0 пікір
Демалыс орындар

«Кендірлі» демалыс аймағы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының оңтүстігіне таман 70 шақырымда орналасқан Каспий теңізінің Қазақ шығанағы аумағында.

0 / 0 пікір
Демалыс орындар

Демалыс кешені спорттық-сауықтыру және ойын-сауық орталығы саналады.

0 / 1 отзыв
Демалыс орындар

Самал – көлдің жағасында, Қарағандыдан оңтүстік – шығысқа қарай 218 км, Қарқаралы қаласынан 15 км жерде орналасқан.

0 / 0 пікір
Демалыс орындар

Beach Resort & SPA “FREEDOM” демалыс базасы Қапшағай су қоймасының жағасында орналасқан.