«Кендірлі» демалыс аймағы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының оңтүстігіне таман 70 шақырымда орналасқан Каспий теңізінің Қазақ шығанағы аумағында.
Демалыс базасының негізгі міндеті демалып жатқандарды толыққанды демалыспен және тамақтандыру мен қызметкерлердің жоғарғы деңгейімен қамтамасыз ету болып табылады.
Демалыс базасының алып жатқан көлемі 7,5 га.
Демалыс базасының аумағында келесі нысандар орналасқан:
- «VIP» резиденция – құрылыс көлемі 652 м2.
- Коса Ада – аралда екі ағаш коттедждер бар.
- Отбасылық демалыс коттедждер – 4 дана, біреуінің құрылыс көлемі – 185 м2.
- Жастар демалысының коттедждері – 13 дана, екіқабатты төртбөлмелі, коттедждердің құрылыс көлемі 122 м2.
- 20 орынды қонақ үй.
Таза теңіздік ауамен қатар, демалып жатқандарға қызметтер:
Жазғы кафе – сыйымдылығы 100 адам, мейрамхана – сыйымдылығы 90 адам, сауналар, жүзу бассейндері, массаждың әр түрлері, солярий, заманауи жабдықпен жабдықталған сауықтыру кешені, теннистік алаңдар, жаттығу алаңдары, жаттығу залдары, видеозал, би алаңдары, жағажай футболы мен жағажай волейболының алаңдары, бильярд бөлмесі, яхтада серуендеу, гидроциклде қыдыру және т.б.
Қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамы: Инженерлік-Техникалық Қызметкерлер (ИТҚ) –42 адам, 166 – жұмысшы.
Жазғы уақытта 38 адамға дейін толықтырылады.
"Сары Бұлақ" демалыс базасы және қонақ үйі жұрт көзінен қашық жерде, Щучинск және Бурабай курортты аумағының экологиялық ең таза бұрыштарының бірінде орын тепкен.
"Борок" демалыс орны Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан.
«Громотуха» демалыс орны Риддер қаласынан 10 шақырым жердегі қарағайлы орманның түбінде, яғни Шығыс Қазақстан тас жолынан бір шақырым жерде орналасқан.
Демалыс кешені спорттық-сауықтыру және ойын-сауық орталығы саналады.
Самал – көлдің жағасында, Қарағандыдан оңтүстік – шығысқа қарай 218 км, Қарқаралы қаласынан 15 км жерде орналасқан.
Beach Resort & SPA “FREEDOM” демалыс базасы Қапшағай су қоймасының жағасында орналасқан.