«Табаған» - барлық отбасы мүшелерімен бірлесіп демалуға арналған керемет таушаңғы спорт-ойын-сауық кешені.
Мұнда таза ауадан басыңыз айналып, айналадағы әсемдіктен көзіңіз жанып, алдағы болатын оқиғалардан жүрігіңіз лүпіл соғары сөзсіз. Бұл жерде әркім өз жанына жайлы орын табады. Мұнда жыл бойы келуге болады. Оған бұл жердің ландшафтты жағдайлары мен қолайлы ауа-райы мүмкіндік береді. Осында келіп, қоршаған ортаның әсемдігіне сүйсінгенге не жетсін... Қыста – аппақ мамық қар. Көктемде – әр түрлі шөптер мен гүлдерден төселген кілем. Жазда – аралардың ызыңына оранған жасыл шөп. Күзде – алтын ағаштар, алқызыл алмалар және соққан желден саудыраған жапырақтар.
«Табаған» - барлық отбасы мүшелерімен бірлесіп демалуға арналған керемет орын. Бөбектеріңіз жергілікті ойын-сауықтан рахат тауып, шаңғы менен шана теуіп, бассейнде жүзіп, таза ауада ойнағанннан рахаттанады. Мейрамханаларда сәбиіңіздің жақсы тамақтануы үшін арнайы балаларға арналған ас мәзірі дайындалған. Біздің кәсіпқой нұсқаушыларымыз балаларыңызды шаңғыға тұрып, сырғанауды үйретеді. Қауіпсіздік үшін қам жемесеңіз де болады, кешенде құтқарушылар мен дәрігерлер көмегін беруге әрқашан дайын.
«Табаған» - бұл тек отбасы мен ғашықтарға арналған демалыс орны ғана емес, сондай-ақ достарыңызбен бірге жақсы демалып, көңіл көтеретін орын. Қызықты кештер, таң атқанша билеу, төмпешіктерден жаппай сырғанау, экстремалды жарыстар – осының бәрі де сіз үшін «Табағанда» ұйымдастырылады. Спорт-ойын-сауық кешені сіздің көңіл-күйіңіздің көтеріліп, адреналиніңіздің күшеюіне әсер етіп, көптеген ойын-сауық ойындарын сыйлайды.
"Сары Бұлақ" демалыс базасы және қонақ үйі жұрт көзінен қашық жерде, Щучинск және Бурабай курортты аумағының экологиялық ең таза бұрыштарының бірінде орын тепкен.
"Борок" демалыс орны Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан.
«Кендірлі» демалыс аймағы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының оңтүстігіне таман 70 шақырымда орналасқан Каспий теңізінің Қазақ шығанағы аумағында.
«Громотуха» демалыс орны Риддер қаласынан 10 шақырым жердегі қарағайлы орманның түбінде, яғни Шығыс Қазақстан тас жолынан бір шақырым жерде орналасқан.
Демалыс кешені спорттық-сауықтыру және ойын-сауық орталығы саналады.
Самал – көлдің жағасында, Қарағандыдан оңтүстік – шығысқа қарай 218 км, Қарқаралы қаласынан 15 км жерде орналасқан.