Ақ-Ирий ескі қаласы
Мәдени мұра
0 / 0 пікір
Солтүстік Қазақстан облысы
Сипаттама

Қазақстанның Солтүстік Қазақстан облысында еліміздің түрлі тарихи кезеңдеріне байланысты көптеген мұражайлар, ескерткіштер мен басқа көрікті жерлер бар. Олардың арасындағы таңғаларлық және бірегей сәулет өнерінің ескерткіші - Ақ Ирий көне шаһары. 

Ескі қала Есіл алқабы мен Батыс Сібір ойпаты қиылысқан жерінде Долматов ауылында орналасқан. Оны ғалымдар 1968 жылы ашты, дегенмен ұзақ жылдар бойы жүйелі зерттеу және қазба жұмыстары жүргізілмеген, тек 2003 жылы бұл жерде жергілікті қазба жұмыстары басталды. 

Археолог ғалымдар таңғаларлық жаңалық ашты. Ақ Ирий ескі қаласы V ғасырға жатады, бұл оның сақ дәуірінің ескерткіші екенін айғақтайды. Көне елді мекен дала және орман тұрғындары арасында өзіндік форпост ретінде қызмет еткен. Маңызды құрылыстарға қорғау орларын, дуалдарды, басқа да фортификациялық құрылыстарды жатқызуға болады. Бекітілген қала ішінде ғалымдар үйлерді, сонымен қатар ұста шеберханалары мен керамиканы дайындау өндірістерінің қалдықтарын тапты. 

Қазба жұмыстары барысында әсем Есіл алқабы мен Батыс Сібір ойпатының жиегіндегі географиялық шекарас жері болып табылатын Есіл өзенінің басты биі оң жағалауында орналасқан ескерткіш алаңы егжей-тегжейлі зерттелінген. Ескі қала екі жағынан адам аяғы басылмайтын биік үшбұрышты жіне қорғау құрылыстарымен бөлінген мүйісінде орналасқан. 

Көне қаланың ауданы шамаен жиырма бес мың шаршы метрді құрады. Археологтар Ақ-Ирий деген айтарлықтай романтикалық атты берген. Зерттеушілердің болжамдары бойынша ескі қала діни-шаруышылық және қорғау мақсаттары үшін салынған. Бекініс құрылыстары, археологтардың айтуынша отқа табынған және зороастризмге сенетін дала сақтарының меншігінде болған. Зороастризм Еуразия даласына қола дәуірінде еніп, біздің заманыздан бұрын бірінші мыңжылдықтың басына қарай толығымен қалыптасқан. 

Ақ Ирийдің нақты жобасын кейінгі қазба жұмыстары барысында бекіту қажет. Табылған белгілері бойынша ол іс жүзінде Петропавлдың шетінде орналасқан зерттеуден өткен Ақ тау ескі қаласына сәйкес болуы қажет. Сол жерде 35—45 шаршы метрді құрайтын бұрыштары мен қабырғаларының орталарында төбені ұстауға арналған бағаналары бар үйлер табылған. Қабырғалар бұтақтардан, шыбықтардан салынып, балшықпен сыланған. Көптеген күйілген кірпіштерге қарасақ, дәл осы технология Ақ Ирийде қолданылған. 

Жер үстінде, ескі қаланың орталық жағында бекініс қабырғаларының жанында айналып жүру жолымен қосылатын кең шұңқырларының барлық бағыттары бойвнша сәуле тәрізді таралатын тереңдетілген, кең алаң айқын көрінеді. Табылған заттарды алып қарағанда, ескі қаланың тұрғындары сол темір дәуірінің ерте кезеңінің өзінде дамудың айтарлықтай жоғары деңгейіне жетті. Ескерткіштерде күйілген кірпіштің, метал шлактарының қалдықтары шоғырланған өнідірістік алаңдар бар. Металды балқытуға арналған пештердің қалдықтары табылған, бұл көне сақтарының металлургия өндірісі технологиясын жақсы білгенін растайды. Қазіргі үстіңгі бетінде бір метрге дейінгі биіктіктегі бекініс дуалы мен шамамен бір метр тереңдіктегі қорғаныс оры егжей-тегжейлі көрінеді. Қазба жұмыстары барысында ескі қаланың территориясына тек бас (орталық), сонымен қатар қосымша кіру (шеттегі) жолдары табылған. 

Ескі қала территориясында Жапондық, Жерорта теңіздерінде кездесетін каури ұлу құбыршақтары табылғаны таңғаларлық болып көрінеді. Олар ақша ретінде болып қызмет атқарғаны мүмкін, яғни бұл сақтар сыртқы қатынасиардың кең географиясына ие болғаны деген сөз. Бекініс дуалының іргетасында суды жібермейтін материал ретінде қабық пайдаланған. 

Балшықты күйдіру және металды балқытуға арналған пештер де табылған. Табылған бірегей заттарды алып қарағанда сақ тайпалары осы территорияны мекендеп, алдыңғы тарихи кезеңдерінің мәдениеттерінде терең тамырларының болғаны жайындағы болжамды ұсынуға мүмкіндік береді. 

2013 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің археологтары Ақ Ирий ескі қаласының қазба жұмыстары өткен жерінде ашық аспан астындағы археологиялық мұражай ашуды ұсынды. Ғалымдардың пікірі бойынша осындай мұражай табиғат ортасында демала алатын және бір уақытта Қазақстанның тарихи ескерткішітерімен таныса алатынтуристтердің үлкен топтарын тартуға мүмкіндік береді. Ғалымдардың ұсынысын мемлекет басшылары зор қызығушылықпен қарсы алған және қолаған, мұражайды құру жұмыстары басталған.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.