«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені
Мәдени мұра
5 / 3 отзыва
Солтүстік Қазақстан облысы,
54.873611, 69.117222
Сипаттама

«Абылай хан резиденциясы» — Петропавл қаласында орналасқан Абылай ханның мұражайлық кешені. 2008 ж. 21 тамызда резиденция Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен ашылды.

Абылайдың ақ үйі

Абылайдың ақ үйі, Абылайдың ордасы – Абылай ханның Петропавл қаласындағы ордасы, тарихи ескерткіш. Қазақстанның солтүстік аймағын отарлау басталған кезде Есіл өзені жағасында орналасқан Қызылжар қыратында 1752 ж. әулие Пётр бекінісінің құрылысы басталды. Бұл өз кезегінде елдердің арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың орнығуына әсерін тигізді. Осыған байланысты казактардың дала тұрғындарына тиісіп, қазақтардан мал тартып әкетуі және жер учаскелерін басып алуы тәрізді мәселелерді талқылау үшін ханның арнайы ордасы қасында осындайқұрылыс салу қажеттігі туындады. Мұрағаттық материалдардың мәліметтері бойынша, «Оның, Абылайдың, өтініші бойынша Есіл өзенінің жоғарғы жағындағы Енқыстау тауында әулие Пётрдің бекінісі жанынан оның келіп тұруы үшін 1765 ж. ағаш үй салынды» (Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты, 158-қор, 1-тізбе, 295-іс 33-б.). «Енқыстау (қыстауға арналған кең жазық)» сонымен, «Абылайдың ақ үйі» тек қана тұрғын үй үшін емес, сонымен қатар шиеленісті мәселелерді шешуге арналған орынға айналды. Ғимараттың орналасқан жері туралы әртүрлі пікірлер бар. Оның бекіністен 2-3 шақырым жерде, «тау» етегінде (еңістік жерде) орналасқандығы дәлмедәл анықталды, бұл сол кезде (19-гасырдың екінші жартысы) қаланың шеті болатын. «Абылайдың ақ үйі» қалада болған өрттің бірінің салдарынан жанып кеткен тәрізді, оның орнына тастан үй салынған, оны халық бұрынғыша «Абылайдың ақ үйі» деп атаған. «Абылайдың ақ үйі» қазақ халқының ұлттық тарихи ескерткіші болып табылады. Абылайдың ақ үйінің құрылысы Абылай хан өмірінің деректерімен және мұрасымен тікелей байланысты. Оған көп уақыт жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмегендіктен үй айтарлықтай зиян шеккен. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Т.А. Мансұровтың бастамасымен және ҚР Президентінің қолдауымен 2006-2007 жылдар ішінде тарихи-мәдени ескерткіш толық қалпына келтірілетін болады.

Мұражайлық кешені

20042006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 1829 жылы салынған 1982 жылы 26 қаңтардағы № 38 ҚазКСР Министрлігі Кеңесінің Қаулысымен мемлекеттік сақтауға алынған республикалық маңызы бар тарих ескерткіші «Абылай хан үйінде» қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Тарихи-мәдени мұраны сақтау сұрақтары бойынша қоғамдық кеңестің байқатқан мүддесі негізінде және-де облыс басшылығымен алғашқы түрде болған тарих ескерткіштерін құру мәселесі бойынша шешім қабылданған.

Мұражай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен 2008 жылы 21 тамызда ашылды. Экспозицияның негізі – XVIII ғасырдағы Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері – Абылай ханның өмірі мен іс-әрекеттері жөнінде. [3]

Ғимараттың жалпы аумағы мен құрылымы — 1288,5 м². Жердің жалпы аумағы — 1,58 га енеді.

Ақ үйдің алдында қоладан құйылған «Ат үстіндегі Абылай хан» ескерткіші бар. Авторы мүсінші Қазыбек Сатыбалдин. Ғимараттың өзі қазіргі күні екі қабаттан тұрады. Ресми атауы «Абылай хан резиденциясы». Тарихи маңызы бар, киелі ғимаратқа басшылық жасап отырған Гүлнәр Андарбекқызының айтуынша Абылайдың ақ үйі 4 залдан тұрады. Бірінші қабатында кешеннің әкімшілігі, екінші қабатында тарихи залдар орналасқан. Тарихи залдың біріншісі Абылайдың балалық шағынан хан тағына отырғанға дейінгі өмірін қамтиды. Яғни, 1710-1771 жылдар. Екіншісі хандық құрған 10 жылына арналған. Бұл 1771-1781 жылдар арасы. Үшінші залы Тақ залы, төртіншісі Абылай тарихына арналған коллаждар, картиналар, кітаптарға арналған залы. Осылардың ішінде келгендерге әсер беріп, көз тартарлығы ғимараттың әуелде ағаштан жасағанын еске алатын Абылайдың тынығу бөлмесі. Бөлмеде бірнеше жәдігерлер қойылған. Ыдыс-аяқ, көрпе-жастық, үстел, түкті-түксіз тоқыма кілемдер, жез құман, киім-кешек, сандықтар қойылып, үйдің ішкі көрінісі бейнелеген. Сонау ХVІІІ ғасырдан бері сақталып қалған адалбақан ағаштан, ілгешектері күмістен жасалған. Көне заттардың бірі кебеже ерекше көз тартады. Бірде-бір шегенің көмегінсіз ағаштан жасалып, сырты сүйекпен мәнерлеп жасалғаны таң қалыс тудырады. Екі жағы көтеріңкі керует төсекте жатқан батырлардың қан айналымын реттеу үшін пайдаланылған екен. Керует шымылдықпен көмкеріліп, жанына Араб Әмірлігінен әкелінген майшам тәрізді шамдалдар қойылған. Бөлмедегі көз тартар этнографиялық жәдігерлер Тақ залында жалғасын табады.

Пікірлер
5 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.