Абат-Байтақ қорымы
Мәдени мұра
0 / 0 пікір
Ақтөбе облысы,
50.0937, 55.9207
Сипаттама

Абат-Байтақ — зират, Батыс Қазақстандағы діни - жерлеу кешені.

Сонымен қатар, Қазақстанның Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Талдысай аулынан 12 шақырым жерде орналасқан тап осы зират аумағындағы кесене.

Сипаттамасы

Зират сәулетті – жоспарлық және көркем өнер шешімімен ерекшеленетін әртүрлі мемориалдық құрылыстардан тұрады. Зираттың ортасында 9,52×9,8 м көлемді, екі бөліктен тұратын 11 – қырлы дағыра мен конустық күмбезді Абат – Байтақ кесенесі орналасқан. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған. Ішкі қаланған қабаттарда қаттама кірпіш қолданылған. Кесенеге жақын жерде XVIII ғасырда Абат – Байтақ кесенесіне ұқсас шитті күйдірілмеген кірпіштен салынған басқа кесене орналасқан. Халық арасында оны «Қыз моласы» немесе «Әулие Қыз» деп атайды.

Кесенеден батысқа қарай қашаулы стелалы тастармен өрнектелген, XVIII-XX ғасырларға салынған 200 құлпытастар орналасқан. Құлпытастар композияциялық және сәндік шешімдердің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Осы ретте 1848 жылы салынған құлпытас қашау шеберлігімен таң қалдырады. Кейбір көлемді – сәндік элементтер ағашты ою әдісімен жасалған.1893 жылы әйгілі құмдауыт блоктерінен ойып салынған құлпытас сирек кездесетін түрге жатады. Абат – Байтақ ескерткішінде қазақ тілінде арабша графикалық құлпытас жазуы мен тамға ойып жазылған.

Зерттеу мен қорғау

Абат – Байтақ кесенесі туралы алғаш рет XVIII ғасырда подпоручия және инженер Ригельман айтқан болатын. Оның деректерінде және тарихшы П.И.Рычковтың деректерінде кесене «Байтан» деп аталынған. Толық түрде ескерткіш Я.Я.Полферовтың Орынбор ғылыми архивті комиссиясының мүшелерімен және ғалым Жозеф Кастаньемен суреттелген.

Кейінгі уақытта ескерткіш біржола қиратылып, ғылыми зерттеулер үшін мәнгі жоғалған қайіпте болды. Тек 1980 жылдарының бас жағында Қазақстанның Мәдениет Министрінің экспедициясы аясында археолог Серік Әжіғалиев іс жүзінде оны қайтадан ашты.

1982 жылы зират мемлекеттік маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің қатарына енгізілді және мемлекет оны өз қорғауына алды.

Зерттеулерден кейін Абат – Байтақ кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Ол үшін «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен 30 миллион теңге және кірпіштерді күйдіру пешін салу үшін жергілікті бюджеттен 3,5 миллион теңге бөлінді. Кесенені толық қалау үшін ұсталарға 32 мың кірпіш тағайындау қажет болды.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4 / 0 пікір
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.