Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театры
Мәдени мұра
0 / 0 пікір
Қызылорда облысы
Сипаттама

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрының түп төркіні 1955-ші жылы Жетісу жерінде, Талдықорған шәһарында сол өңірден орын тепкен Қаратал, Ақсу аудандарындағы колхоз-совхоз театрларының тарихымен байланысты. 

1960-шы жылы жетісулық сол ұжым жаңа мекен Қызылордаға ауысты. Ел арасынан шыққан бірнеше талантты актерлер тобы театрмен бірге Ақмешітке ере келді. Олардың арасында С.Рақышев, Ш.Бәкірова, С.Шотықов, Ж.Әбілтаев, Балғымбаев, С.Масина, О.Нәсімханов, Мәрденов, Көпбаев, Көпбаева, Тәшібаева, Ж.Бағысова, Манасбаева, Кәнетов, І.Шәкіров сынды жас әрі тәжірибелі өнерпаздар болды.Бір кездері тұңғыш кэсіби театрдың ту тіккен жерінен жаңа драма ұжымының орын тебуі жергілікті халық үшін ғаламат қуанышқа айналған еді. Қ.Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Жандарбеков, Е.Өмірзақов, Ж.Шанин, Қ.Бадыровтар бастаған сахна өнерінің отаны іспетті көне Қызылорданың рухани көркі барынша аспандай, асқақтай түскен еді. Театрдың эуелгі басшылық міндеттерін Ж.Әбілтаев (бас режиссер 1955-63 ж.ж.) С.Рақышев (директор 1955-60 ж.ж.) сынды өнер иелері атқарды. Негізгі шығармашылық қүрылымы жетісулықтардан түратын театр үжымы жергілікті ел-жүрт арасынан да дарынды қыз-жігіттерді іріктей жүруді үмытпады. Театрдың алғашқы кэсіби директоры Тәшкен театр өнері институтының түлегі С.Тұрлымұратовтың басшылық қабілеті осы театрда жарқырай көрінген еді. Сонау жердің шеті, алыс елден бас режиссерлік қызметке келген Ереван театр өнері институтының тәрбиеленушісі РС.Андриясанның да (1963-1965ж.ж.) жастық ізденістері осы аталған театрда бастау алды. Ол театрдың тұңғыш кәсіби режиссері ретінде өз қызметін жалғастырып әкетті. Қызылордалық ежелгі театр дәстүрін қалыптастырудағы Түрлымүратов -Андриясан бірлігін айрықша атап өтуге тиіспіз. Көркемдік деңгейлері атап өтуге тұрарлық қойылымдар жарық көріп жатты. Р.Андриясан режиссурасы «Қонақ үйдің қожасы», «Аңсаған менің әнімсің», «Қайдасың әке?» секілді басқа да дүниелермен айшықталды. 1964-ші жылы Алматы консерваториясы, театр факультетінің режиссерлік бөлімін тәмамдаған маман Маман Байсеркеұлы алғашқыда жай режиссерлікке бекітіліп, қызмет бабымен эуелде Қостанайға сосын Қарағандыға ауыскан Р. Андриясанның орнына бас режиссерлік міндетін мойнына алды (1964-1970 ж.ж.).

Талап қоя білгіштігімен, өзіне тән суреткерлік ұстанымымен, әрбір көркем дүниеге зор жауапкершілікпен қарай білер қаталдығымен дараланған Маман Байсеркеүлы артистер құрамының шеберлік тұрғысында күшейе түсуіне барынша күш салды. Сақа артистерге талап зорайып, орта, жас буын өкілдері орындаушылық шеберліктерінің сапасына сыни көзқарас қатая түскен-тін. Сол тұстарца Алматы консерваториясының актерлік бөлімін бітіріп келген Т. Пірімжанов, Ш.Әбдібаев, Ә.Арысбаева секілді жастардың театрға қабылдануы да режиссердің сұранысын қанағаттандыра түскен. 1968-ші жылы аталмыш труппа құрамына Қарағанды театрынан Хұсейін Әмір-Темір шақырылып, актерлік қызметке араласты. Соның нәтижесінен де болар, 1967-ші жылы театр ұжымы Алматыда өткізген тұңғыш гастрольдері кезінде аса жоғары бағаға ие болды. «Оптимистік трагедия», «Ана жер-ана», «Арман азабы» (режиссері М.Байсеркеүлы), «Қонақ үйдің қожасы» (режиссері Р.Андриясан), «Қарагөз» (режиссері Мен-Дон-Ук) қойылымдары өзіндік көркемдік құндылықтарымен қалың жұртшылықты тәнті етті.

Пікірлер
0 / 0 пікір
пікір қалдыру
Сонымен қатар
0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі – Сарайшық қаласы.

4.5 / 1 отзыв
Мәдени мұра

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

5 / 2 отзыва
Мәдени мұра

Атырау облысы мәдени сәулет ескерткіштеріне бай, солардың бірі - Жұбан Кесенесі.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Сенек қорығы - 17 – 20 ғасырлардағы сәулет ескерткіші.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Атырау қаласының орталығында Исатай Тайманов көшесінде басты алаңнан бірнеше адым жерде қаладағы ескі және ең әдемі сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі – Успендік соборы орналасқан.

0 / 0 пікір
Мәдени мұра

Тек Атырау қаласының ғана емес, сонымен қатар бүкіл Атырау облысының мәдени өмірінде жетекші орындардың біріне Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры ие болып табылады.